Об утверждении регламента государственной услуги «Субсидирование в рамках гарантирования и страхования займов субъектов агропромышленного комплекса»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги «Субсидирование в рамках гарантирования и страхования займов субъектов агропромышленного комплекса»
- Атауы (қаз.)
- «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 24/05
- Қабылданған күні
- 11.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 31.01.2020 102346_442041.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16K0003782
- ЭКБ идентификаторы
- 102346
- Редакция идентификаторы
- 102346_442041
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:40
0 «Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 9-1/1018 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12523 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
4 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Қарағанды облыс әкімдігінің
2016 жылғы 11 сәуірдегі
№ 24/05 қаулысымен бекітілген
«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1 тарау. Жалпы ережелер
1 1. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
3
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидияның аударылғаны туралы хабарлама не Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 9-1/1018 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12523 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.
Көрсетілетін Көрсетілетін қызметті алушыға стандарттың 1 және 2-қосымшаларға сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама жолданады. Хабарлама көрсетілетін қызметті алушы субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне тіркелген кезде көрсеткен электрондық почта мекенжайына жолданады.
2 2 тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының порталға стандарттың 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушы мен кепілгердің/сақтандыру ұйымының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) расталған электрондық құжат нысанында ұсыныс болып табылады.
5 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы ұсынысты алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мыналарды жүзеге асырады:
ұсынысты субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу;
ұсыныстың субсидиялау талаптарына сәйкестігін тексеру, оның ішінде кепілдендіру/сақтандыру шарты талаптарының шарттарға қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеруді;
ұсыныс бойынша шешімді қабылдау мен ресімдеу.
Қарыз алушы мен кепілгерге/сақтандыру ұйымына қабылданған шешім туралы автоматты хабарлама жолданады.
Нәтижесі - ұсыныс бойынша шешімді қабылдау мен ресімдеу;
2
2) көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің негізінде кепілгер/сақтандыру ұйымы ұсыныс бойынша оң шешім туралы көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарыз алушы, кепілгер/сақтандыру ұйымы және көрсетілетін қызметті беруші арасында субсидиялау шарты жасалады.
Нәтижесі - қарыз алушы, кепілгер/сақтандыру ұйымы және көрсетілетін қызметті беруші арасында субсидиялау шартын жасау;
3 3) кепілгер/сақтандыру ұйымы субсидиялау шартына қол қойылғаннан кейін 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде веб-порталда кепілгер/сақтандыру ұйымы және жұмыс органы ЭЦҚ қоятын, қарыз алушының субсидиялау графигін қалыптастырады.
Нәтижесі - қарыз алушының субсидиялау графигін қалыптастыру;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы субсидиялауға арналған өтінімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
ЭЦҚ пайдалана отырып қол қою жолымен субсидиялауға арналған өтінімнің қабылданғанын растайды;
субсидиялауға арналған өтінімді тіркеу нәтижелері бойынша субсидияларды кепілгердің/сақтандыру ұйымының шотына аудару үшін «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде қалыптастырады.
Нәтижесі - субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде қалыптастыру;
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің қаржыландыру бөлімінің маманы төлем тапсырмалары қалыптастырылғаннан кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне көрсетілетін қызметті алушылардың шоттарына субсидияларды аудару үшін төлеуге төлем құжаттарын жолдайды.
Нәтижесі - аумақтық қазынашылық бөлімшесіне субсидияларды аудару үшін төлеуге төлем құжаттарын жолдау.
3 3 тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6 6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің қаржыландыру бөлімінің маманы.
7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің
(іс-қимылдың) сипаттамасы:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы ұсынысты алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мыналарды жүзеге асырады:
ұсынысты субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу;
ұсыныстың субсидиялау талаптарына сәйкестігін тексеру, оның ішінде кепілдендіру/сақтандыру шарты талаптарының шарттарға қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеруді;
ұсыныс бойынша шешімді қабылдау мен ресімдеу.
Қарыз алушы мен кепілгерге/сақтандыру ұйымына қабылданған шешім туралы автоматты хабарлама жолданады;
2
2) көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің негізінде кепілгер/сақтандыру ұйымы ұсыныс бойынша оң шешім туралы көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарыз алушы, кепілгер/сақтандыру ұйымы және көрсетілетін қызметті беруші арасында субсидиялау шарты жасалады;
3 3) кепілгер/сақтандыру ұйымы субсидиялау шартына қол қойылғаннан кейін 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде веб-порталда кепілгер/сақтандыру ұйымы және жұмыс органы ЭЦҚ қоятын, қарыз алушының субсидиялау графигін қалыптастырады;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы субсидиялауға арналған өтінімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
ЭЦҚ пайдалана отырып қол қою жолымен субсидиялауға арналған өтінімнің қабылданғанын растайды;
субсидиялауға арналған өтінімді тіркеу нәтижелері бойынша субсидияларды кепілгердің/сақтандыру ұйымының шотына аудару үшін «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде қалыптастырады;
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің қаржыландыру бөлімінің маманы төлем тапсырмалары қалыптастырылғаннан кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне көрсетілетін қызметті алушылардың шоттарына субсидияларды аудару үшін төлеуге төлем құжаттарын жолдайды.
4 4 тарау. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8 8. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілген қызмет беруші мен көрсетілген қызмет алушының жүгіну тәртібін және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1 1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес-сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ паролінің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызмет алушылар үшін іске асырылады) көмегімен порталда тіркеуді іске асырады;
2 2) 1-үдеріс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЖСН/БСН және паролін енгізу үдерісі (авторизация үдерісі);
3 3) 1-шарт – порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
4 4) 2-үдеріс – порталдың көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
5
5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдап алуы, қызмет көрсету үшін сауал түрін экранға шығару және құрылымдық пен форматтық талаптарын ескере отырып, сауал түріне стандарттың 9-тармағында көрсетілген электрондық түрдегі қажет құжаттардың көшірмелерін бекітумен қызмет алушының үлгілерді толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ сауалды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдап алуы;
6 6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және шақыртып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру (сауалда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы);
7 7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмағандығына байланысты сұратып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
8
8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің сауалды өңдеуі үшін көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сауалын) «электрондық үкіметтің» автоматтандырылған өңірлік шлюзі жұмыс орнында (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖО) «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жолдау;
9 9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушының қоса берген құжаттарын сәйкестікке тексеруі;
10 10) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушымен портал қалыптастырған қызмет нәтижесін (электрондық құжат түріндегі хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады.
8-1 8-1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.
9 9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл етуі осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.
10 10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдерінің (әрекеттерінің) кезеңділігі осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
1 Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл ету диаграммасы
«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің
қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл ету диаграммасы
Шартты белгілер:
2 Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің
қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы