Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги «Аккредитация заготовительных организаций в сфере агропромышленного комплекса»

Қаулы · № 24/03 · қабылданған 11.04.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-102353/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги «Аккредитация заготовительных организаций в сфере агропромышленного комплекса» Күшін жойған Қаулы ·№ 24/03 ·11.04.2016
31.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги «Аккредитация заготовительных организаций в сфере агропромышленного комплекса»

Күшін жойған Қаулы ·№ 24/03 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги «Аккредитация заготовительных организаций в сфере агропромышленного комплекса»
Атауы (қаз.)
«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
24/03
Қабылданған күні
11.04.2016
Көрсетілген редакция
31.01.2020 102353_442049.kaz
Соңғы өзгеріс
31.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16K0003784
ЭКБ идентификаторы
102353
Редакция идентификаторы
102353_442049
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:40

0 «Агроөнеркәсіптік кешен

саласындағы дайындаушы
ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/1001 «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12439 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

4 Қарағанды облысы әкімдігінің

2016 жылғы «11» сәуірдегі
№ 24/03 қаулысымен бекітілген
«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз түрінде.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесіне қосу және оны көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастыру.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

4

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының немесе сенімхат бойынша оның өкілінің (бұдан әрі – оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы №9-3/1001 бекітілген бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 12439 нөмірімен тіркелген) «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағында көрсетілген белгіленген нысан бойынша өтінім ұсынуы.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оны орындаудың ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды стандарттың 9 тармағына сәйкес ұсынады - 30 (отыз) минут. Нәтижесі - қабылдаған күні және уақыты көрсетіле отырып, өтініштің көшірмесіне тіркелгендігі туралы белгі қою;

2 2) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады - 30 (отыз) минут. Нәтижесі - құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсыну;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды - 30 (отыз) минут. Нәтижесі - құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;

4

4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттағы мәліметтердің мазмұнының толықтығын қарайды, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесіне (бұдан әрі - тізбе) қосу жолы арқылы көрсетілетін қызметті алушыны дайындаушы ұйымдар есебіне қоюды жүзеге асырады – 3 (үш) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – тізбеге қосу.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды стандарттың 9 тармағына сәйкес ұсынады - 30 (отыз) минут;

2 2) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады - 30 (отыз) минут;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды - 30 (отыз) минут;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттағы мәліметтердің мазмұнының толықтығын қарайды, тізбеге қосу жолы арқылы көрсетілетін қызметті алушыны дайындаушы ұйымдар есебіне қоюды жүзеге асырады – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасында көрсетілген.

4 4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

9 9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу ұзақтығы:

1-процесс – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ұсынылған құжаттарды тексереді, көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін қабылдайды және тіркейді, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;
1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің осы Регламенттің 5-тармағында қарастырылған рәсімдері (әрекеттері);
3-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды береді.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Құжаттар топтамасын беру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
Көрсетілетін қызметті алушы (не болмаса нотариалды сенімхат бойынша оның өкілі) стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасымен бірге өтінімді бір данада Мемлекеттік корпорацияға ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, осының негізінде көрсетілетін қызметті алушы (не болмаса нотариалды сенімхат бойынша оның өкілі) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған жағдайда дайын құжаттарды беру жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдерінің (әрекеттерінің) кезеңділігінің, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара әрекет ету тәртібінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

29 Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілемелер:

Қолданыстағы