Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 67 · қабылданған 18.04.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-102354/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Қолданыста Қаулы ·№ 67 ·18.04.2016
01.11.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қолданыста Қаулы ·№ 67 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметшiлер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
67
Қабылданған күні
18.04.2016
Көрсетілген редакция
01.11.2023 102354_664210.kaz
Соңғы өзгеріс
01.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16CD004891
ЭКБ идентификаторы
102354
Редакция идентификаторы
102354_664210
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:32

0 Азаматтық қызметшiлер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31- бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексiнiң 18 және 139 баптарына сәйкес Байғанин аудандық әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Азаматтық қызметшiлер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ш. Спановаға жүктелсiн.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«18» сәуір 2016 жыл

4 Байғанин ауданы әкiмдiгiнiң

2016 жылғы 18 сәуірдегі
№ 67 қаулысына қосымша
Байғанин ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Мәдениет саласы
Ауылдық маңызы бар ММ және МҚК басшысы (директоры)
ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар:
библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, қоюшы-режиссер
ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар:
библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, қоюшы- режиссер, хореограф
ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар:
библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, қоюшы-режиссер
ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар:
библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, қоюшы-режиссер, хореограф
Әлеуметтік қамсыздандыру саласы
ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар:
әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, Мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер
ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар:
әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, Мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент
ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі бірінші, екінші санаттағы мамандар:
Мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер
ММ және МКҚ біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар:
Мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент
Техникалық орындаушылар: Мансап орталығының ассистенті
Спорт саласы
Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы
Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысының орынбасары
Біліктіліктегі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар:
әдіскер, жаттықтырушы-оқытушы, нұсқаушы-спортшы
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
Ауылдық маңызы бар ММ – бұл ауылдық округтің, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауылдың жергілікті атқарушы органдар қарамағындағы мемлекеттік мекемелері;
Ауылдық маңызы бар МҚК – бұл ауылдық округтің, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауылдың жергілікті атқарушы органдар қарамағындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары;
Аудандық маңызы бар ММ – бұл аудандар, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдар қарамағындағы мемлекеттік мекемелері;
Аудандық маңызы бар МҚК – бұл аудандар, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдар қарамағындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорнындары.

Қолданыстағы