Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил предоставления принимающими лицами информации о пребывающих у них иммигрантах, а также транзитного проезда иностранцев и лиц без гражданства по территории Республики Казахстан

Бұйрық · № 83 · қабылданған 27.01.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-102459/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил предоставления принимающими лицами информации о пребывающих у них иммигрантах, а также транзитного проезда иностранцев и лиц без гражданства по территории Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 83 ·27.01.2016
30.05.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил предоставления принимающими лицами информации о пребывающих у них иммигрантах, а также транзитного проезда иностранцев и лиц без гражданства по территории Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 83 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил предоставления принимающими лицами информации о пребывающих у них иммигрантах, а также транзитного проезда иностранцев и лиц без гражданства по территории Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келген көшіп келушілер туралы ақпаратты беру, көші-қон карточкаларын жасау және беру, көшіп келушілердің орын ауыстыру, шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) көшіп келушілердің келу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың транзиттік жол жүру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
83
Қабылданған күні
27.01.2016
Көрсетілген редакция
30.05.2022 102459_579126.kaz
Соңғы өзгеріс
30.05.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013715
ЭКБ идентификаторы
102459
Редакция идентификаторы
102459_579126
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:51

0 Қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келетін көшіп келушілер, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жүріп-тұруы туралы ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы

«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңның 9-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берілген Қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келетін көшіп келушілер, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жүріп-тұруы туралы ақпаратты ұсыну қағидаларын бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті:

1 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Заң» деректер базасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

5

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына (Е.З. Тургумбаев) және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің Төрағасы
___________В. Жұмақанов
2016 жылғы 15 сәуір

10 Қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келетін көшіп келушілер, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жүріп-тұруы туралы ақпаратты ұсыну қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 27 қаңтардағы
№83 бұйрығымен бекітілген
Қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келетін көшіп келушілер, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жүріп-тұруы туралы ақпаратты ұсыну
қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келетін көшіп келушілер, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жүріп-тұруы туралы ақпаратты ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1

1) қабылдаушы тұлға – көшіп келушілерді Қазақстан Республикасына уақытша тұру үшін шақыру туралы өтінішхат беретін және (немесе) олардың тұруына орын беретін Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік пен азаматтығы жоқ адам немесе Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға;

2 2) көшіп келуші – Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.

2 2-тарау. Қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келетін көшіп-келушілер туралы ақпаратты ұсыну тәртібі

3 3. Қабылдаушы тұлғалар өздеріне келетін көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына олар келген күннен бастап үш күн ішінде хабарлауға міндетті.

4 4. Қазақстан Республикасына келетін көшіп келушілер туралы хабарламаны оларға тұратын орын беретін қабылдаушы тұлға хабарлайды.

5 5. Хабарламалар мынадай тәсілдермен жөнелтіледі:

қағаз тасымалдағышта тікелей ішкі істер органдарына mvd.gov.kz сайтында орналастырылған мекенжайлар бойынша хабарлама беру;
«Бүркіт» БАЖ Визалық-көші-қон порталы арқылы www.vmp.gov.kz немесе egov.kz веб-сайттары арқылы дербес электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы;
www.eqonaq.kz веб-сайтының қолданушылары «e-Qonaq» ақпараттық жүйесі арқылы.

6 6. Көшіп келуші Қазақстан Республикасында уақытша тұрғылықты жерін ауыстырған кезде қабылдаушы тұлға үш жұмыс күні ішінде ол туралы ішкі істер органдарына хабарлайды.

7 7. Хабарламада қамтылған мәліметтердің дұрыстығы және хабарламаны берудің уақтылығы үшін қабылдаушы тарап жауапты болады.

3 3-тарау. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жүріп-тұру тәртібі

8 8. Көшіп келушілер шетелдіктердің келуі үшін ашық Қазақстан Республикасының аумағы бойынша еркін жүріп-тұра алады.

9 9. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүріп өтетін көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуі және Қазақстан Республикасынан кетуі үшін Қазақстан Республикасының транзиттік визалары ресімделеді.

10 10. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдіктердің транзиттік жүріп-тұруы оларда үшінші елге кету үшін жарамды құжаттардың (визалары) болған жағдайда кемінде бес тәулік мерзімге рұқсат етіледі.

11 11. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдіктердің азаматтығы бар мемлекетінде визасыз келу туралы келісімі бар елге транзитпен өтетін шетелдіктер Қазақстан Республикасының транзиттік визаны ресімдейді.

1-1 Хабарлама

Қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келетін көшіп келушілер, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жүріп-тұруы туралы ақпаратты ұсыну қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Аумақтық көші-қон қызметі
бөліністерінің бастығы
Хабарлама
____________________________________________________________________
(қабылдаушы адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), жеке басын куәландыратын құжаттың №)
Сізге 20___ «___» ________ маған мынадай шетелдіктер:

1 1. ______________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), азаматтығы, жеке басын куәландыратын құжаттың №)

2 2.__________________________________________________________________

3 3.__________________________________________________________________

4 4.__________________________________________________________________

___________________________________________________ мақсатпен келгенін (тәжірибе алмасу, тағылымдама, туризм, оқу және т.б.) хабарлаймын.
_______________________ мекенжай бойынша тұруы 20___ жылғы «___»______ дейін
Қолы
Күні

Қолданыстағы