Құжат мәтініне өту

Об определении процентного отношения численности иностранных работников (менеджеров и специалистов), привлекаемых в рамках внутрикорпоративного перевода, к количеству казахстанских кадров

Бұйрық · № 259 · қабылданған 05.04.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-102461/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об определении процентного отношения численности иностранных работников (менеджеров и специалистов), привлекаемых в рамках внутрикорпоративного перевода, к количеству казахстанских кадров Күшін жойған Бұйрық ·№ 259 ·05.04.2016
25.09.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.09.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении процентного отношения численности иностранных работников (менеджеров и специалистов), привлекаемых в рамках внутрикорпоративного перевода, к количеству казахстанских кадров

Күшін жойған Бұйрық ·№ 259 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении процентного отношения численности иностранных работников (менеджеров и специалистов), привлекаемых в рамках внутрикорпоративного перевода, к количеству казахстанских кадров
Атауы (қаз.)
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын шетелдік жұмыскерлер (менеджерлер мен мамандар) санының қазақстандық кадрлар санына пайыздық қатынасын айқындау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
259
Қабылданған күні
05.04.2016
Көрсетілген редакция
25.09.2017 102461_256590.kaz
Соңғы өзгеріс
25.09.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013709
ЭКБ идентификаторы
102461
Редакция идентификаторы
102461_256590
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:46

0 Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын шетелдік жұмыскерлер (менеджерлер мен мамандар) санының қазақстандық кадрлар санына пайыздық қатынасын айқындау туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын шетелдік жұмыскерлер (менеджерлер мен мамандар) санының тиісті санаттағы қазақстандық кадрлар санына пайыздық қатынасы елу пайыздан аспайтын бөлігін құрайтыны айқындалсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3

3) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Осы бұйрықтың 1-тармағы Қарашығанақ, Солтүстік Каспий және Теңіз жобаларының жер қойнауын пайдаланушыларына, сондай-ақ олардың операторларына, мердiгерлiк және қосалқы мердiгерлiк ұйымдарына (қосалқы мердiгерлердiң өздерi тартатын ұйымдарды қоспағанда) 2017 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылмайды.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________________Е. Досаев
2016 жылғы « » _____________

Қолданыстағы