О признании утратившими силу некоторых нормативных правовых постановлений акимата города Арыс
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых нормативных правовых постановлений акимата города Арыс
- Атауы (қаз.)
- Арыс қаласы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 147
- Қабылданған күні
- 29.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2016 102501_81605.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16UB00147A
- ЭКБ идентификаторы
- 102501
- Редакция идентификаторы
- 102501_81605
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:20
0 Арыс қаласы әкімдігінің
кейбір нормативтік құқықтық
қаулыларының күші жойылды
деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Арыс қаласы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ділдәбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Арыс қаласы әкімдігінің «29» сәуір
2016 жылғы №147 қаулысына
қосымша
Арыс қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір нормативтік
құқықтық қаулыларының тізбесі
1. Арыс қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 24 шілдедегі №349 «Қылмыстық-атқару қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2354 болып тіркелген, «Арыс ақиқаты» газетінің 2013 жылғы 24 тамыздағы №35 (5873) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
2. Арыс қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 24 шілдедегі №348 «Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2355 болып тіркелген «Арыс ақиқаты» газетінің 2013 жылғы 24 тамыздағы №35 (5873) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
3. Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №629 «2016 жылға халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3519 болып тіркелген «Арыс ақиқаты» газетінің 2016 жылғы 16 қаңтар №3 (5997) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
4. Арыс қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы №11 «2016 жылға қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3534 болып тіркелген «Арыс ақиқаты» газетінің 2016 жылғы 23 қаңтардағы №4 (5998) нөмірінде жарияланған) қаулысы.