О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Мунайлинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Мунайлинского района
- Атауы (қаз.)
- Мұнайлы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 125-қ
- Қабылданған күні
- 20.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 20.05.2016 102520_81828.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16MG00125A
- ЭКБ идентификаторы
- 102520
- Редакция идентификаторы
- 102520_81828
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:04
0 Мұнайлы ауданы әкімдігінің
кейбір қаулыларының күші
жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мұнайлы ауданы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 12 маусымдағы №123-қ «Мұнайлы ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2261 болып тіркелген, «Мұнайлы» газетінде 2013 жылғы 6 шілдеде жарияланған) қаулысы;
Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 нурыздағы №110-қ «Мұнайлы ауданы әкімдігінің «Мұнайлы ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2013 жылғы 12 маусымдағы № 123-қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2403 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 6 мамырда жарияланған) қаулысы.