О некоторых вопросах административно-территориального устройства Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах административно-территориального устройства Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 125
- Қабылданған күні
- 19.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 19.04.2016 102541_84496.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16S0003757
- ЭКБ идентификаторы
- 102541
- Редакция идентификаторы
- 102541_84496
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:31
0 Солтүстік Қазақстан облысының
әкімшілік-аумақтық құрылысының
кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1
1. «Булаев ауданы Красное селосының атауын Ноғайбай ауылы деп өзгерту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат пен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2000 жылғы 23 тамыздағы № 5/3-156 бірлескен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2000 жылғы 19 қыркүйектегі № 149 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) мемлекеттік тілдегі тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша «селосының» деген сөз «ауылының» деген сөзбен ауыстырылсын;
2 2) орыс тіліндегі тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша «аул» деген сөз «село» деген сөзбен ауыстырылсын.
2
2. «Солтүстiк Қазақстан облысы елдi мекендерiнiң атауын өзгерту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 5 маусымдағы № 159 бірлескен қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 5 маусымдағы № 7/9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 9 шілдедегі № 1679 болып тіркелді, «Солтүстік Қазақстан» газетінде 2008 жылғы 16 шілде және «Северный Казахстан» газетінде 2008 жылғы 16 шілде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селосы» деген сөздер тиісінше «ауылдық», «ауылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 2) орыс тіліндегі бүкіл мәтін бойынша «аул» деген сөз «село» деген сөзбен ауыстырылсын.
3
3. «Солтүстiк Қазақстан облысының кейбiр елдi мекендерi мен селолық округтерi атауларының транскрипциясын өзгерту және қайта атау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 14 қазандағы № 264 бірлескен қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 14 қазандағы № 18/10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 17 қарашадағы № 1729 болып тіркелді, «Солтүстік Қазақстан» газетінде 2009 жылғы 23 қараша және «Северный Казахстан» газетінде 2009 жылғы 23 қараша жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) мемлекеттік тілдегі тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селосы», «селосының» деген сөздер тиісінше «ауылдық», «ауылы», «ауылының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 2) орыс тіліндегі мәтінде «аул», «аульный», «аульного» деген сөздер тиісінше «село», «сельский», «сельского» деген сөздермен ауыстырылсын.
4
4. «Солтүстiк Қазақстан облысының кейбiр елдi мекендерi мен селолық округтерi атауларының транскрипциясын өзгерту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 340 бірлескен қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 20/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 1738 болып тіркелді, «Солтүстік Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 6 ақпан және «Северный Казахстан» газетінде 2010 жылғы 6 ақпан жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) мемлекеттік тілдегі тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селосының» деген сөздер тиісінше «ауылдық», «ауылының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 2) орыс тіліндегі мәтінде «аул», «аульного» деген сөздер тиісінше «село», «сельского» деген сөздермен ауыстырылсын.
5
5. «Солтүстiк Қазақстан облысының кейбiр елдi мекендерi мен селолық округтерi атауларының транскрипциясын өзгерту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 16 қыркүйектегі № 251 бірлескен қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 16 қыркүйектегі № 28/5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 18 қазандағы № 1759 болып тіркелді, «Солтүстік Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 26 қазан және «Северный Казахстан» газетінде 2010 жылғы 26 қазан жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін: