О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Сайрамского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Сайрамского района
- Атауы (қаз.)
- Сайрам ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 213
- Қабылданған күні
- 28.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2016 102565_83604.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16UJ00213A
- ЭКБ идентификаторы
- 102565
- Редакция идентификаторы
- 102565_83604
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:21
0 Сайрам ауданы әкімдігінің
кейбір қаулыларының күші
жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 8 сәуір 2016 жылғы Заңының 46 бабы 2 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сайрам ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Тұрғынбековке жүктелсін.
3 Аудан әкімдігінің 28 сәуір 2016
жылғы №213 қаулысына қосымша
Сайрам ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының
тізімі
1
1. Аудан әкімдігінің 14 қаңтар 2015 жылғы №55 «Сайрам ауданының ауыл округтері әкімдері аппараттары мемлекеттік мекемелерін қайта атау және олардың ережелерін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №2999 тіркелген, 2015 жылғы 3 наурызда, 13 наурызда, 20 наурызда, 27 наурызда, 3 сәуірде «Мәртөбе» газетінде жарияланған);
2 2. Аудан әкімдігінің 10 ақпан 2015 жылғы №130 «Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №3033 тіркелген, 27 ақпан 2015 жылы «Мәртөбе» газетінде жарияланған);
3 3. Аудан әкімдігінің 10 ақпан 2015 жылғы №133 «Сайрам аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №3057 тіркелген, 20 наурыз 2015 жылы «Мәртөбе» газетінде жарияланған);
4
4. Аудан әкімдігінің 27 қаңтар 2016 жылғы №78 ««Сайрам ауданының ауыл округтері әкімдері аппараттары мемлекеттік мекемелерін қайта атау және олардың ережелерін бекіту туралы» Сайрам ауданы әкімдігінің 14 қаңтар 2015 жылғы №55 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №3595 тіркелген, 22 наурыз 2016 жылы «Мәртөбе» газетінде жарияланған);