Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Каракиянского района

Қаулы · № 151 · қабылданған 23.05.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-102596/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Каракиянского района Қолданыста Қаулы ·№ 151 ·23.05.2016
23.05.2016 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Каракиянского района

Қолданыста Қаулы ·№ 151 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Каракиянского района
Атауы (қаз.)
Қарақия ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
151
Қабылданған күні
23.05.2016
Көрсетілген редакция
23.05.2016 102596_82649.kaz
Соңғы өзгеріс
23.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G16MD00151A
ЭКБ идентификаторы
102596
Редакция идентификаторы
102596_82649
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:03

0 Қарақия ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп

тану туралы
«Құқықтық актiлер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қарақия ауданы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 184 «Қарақия ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2300 болып тіркелген, 2013 жылғы 10 қарашасында «Қарақия» газетінде жарияланған);
2015 жылғы 13 наурыздағы №94 «Қарақия ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2664 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірінде «Қарақия » газетінде жарияланған ).

2 2. Қарақия ауданы әкімінің аппараты (А.Таубаев) бір апта мерзім ішінде осы қаулының көшірмесін Маңғыстау облысының әділет департаментіне жіберуді және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

«КЕЛІСІЛДІ»
« Қарақия аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысының
міндетін атқарушы А. У. Утарбаева
23 мамыр 2016 ж.

Қолданыстағы