Об утверждении тарифов на сбор,вывоз,захоронение и утилизацию твердых бытовых отходов по Индерскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении тарифов на сбор,вывоз,захоронение и утилизацию твердых бытовых отходов по Индерскому району
- Атауы (қаз.)
- Индер ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау,әкету,көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16-VI
- Қабылданған күні
- 26.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 13.08.2021 102619_536123.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16TF003524
- ЭКБ идентификаторы
- 102619
- Редакция идентификаторы
- 102619_536123
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:25
0 Индер ауданы бойынша тұрмыстық қатты
қалдықтарды жинау, әкету, көму және
кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1 тармағының 15) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 11 тармағына сәйкес, Индер аудандық мәслихаты кезекті ІІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Индер ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, депутаттық этика, құқық қорғау және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж. Амантурлин) жүктелсін.
3. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 28 наурыздағы №361-V «Индер ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» шешімі жойылсын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Аудандық мәслихаттың
2016 жылғы «26» сәуірдегі №16-VІ
шешіміне қосымша
Индер ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері
Р/с
Атаулары
Есептік бірлік
Баға, теңгемен
1
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері:
1.1
Жайлы үйлер
1 тұрғын
100
1.2
Жайсыз үйлер
1 тұрғын
100
1.3
Заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлер үшін)
1 текше метр
750
1.4
Заңды тұлғалар (кәсіпорындар үшін)
1 текше метр
2500
1.5
Заңды тұлғалар (бюджеттік мекемелер үшін)
1 текше метр
1800
2
Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифтері:
2.1
Жеке тұлғалар
1 текше метр
100
2.2
Заңды тұлғалар
1 текше метр
646