О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Лебяжинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Лебяжинского района
- Атауы (қаз.)
- Лебяжі ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 92/5
- Қабылданған күні
- 16.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 16.05.2016 102641_83961.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16PI00925A
- ЭКБ идентификаторы
- 102641
- Редакция идентификаторы
- 102641_83961
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:09
0 Лебяжі ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Лебяжі ауданы әкімдігінің қосымшаға сәйкес кейбір қаулыларының күші жойылсын деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушысына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
4 Лебяжі ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Лебяжі ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «16» мамыр
№ 92/5 қаулысына қосымша
Лебяжі ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының
күші жойылды деп тану туралы
1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Лебяжі ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы» 259/11 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4835 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 желтоқсанда «Аққу үні - Вести Акку» № 50 газетінде жарияланған);
2. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы «Лебяжі ауданында 2016 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 275/12 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4892 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 қаңтарда «Аққу үні - Вести Акку» № 04 газетінде жарияланған);
3. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы «2016 жылға арналған Лебяжі ауданында әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар мен халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» № 276/12 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4891 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 қаңтарда «Аққу үні - Вести Акку» № 04 газетінде жарияланған).