Об установлении ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 16
- Қабылданған күні
- 13.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 13.05.2016 102678_Some(84550).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16TCH03530
- ЭКБ идентификаторы
- 102678
- Редакция идентификаторы
- 102678_Some(84550)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:11
0 Шектеу іс-шараларын
белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының, 7) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 12 сәуірдегі №08/76 ұсынысы негізінде Сарайшық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Сарайшық ауылдық округіндегі «Сарайшық» асыл тұқымды шаруашылық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында пастереллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2
2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Махамбет аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Махамбет аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының
«Махамбет аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық
жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорнының бас дәрігері: Е.Сабиров
2016 жылғы «13» мамыр
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
комитетінің Атырау облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің Махамбет аудандық
тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы»
республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Л.Мамаева
2016 жылғы «13» мамыр