Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Бұйрық · № 249 · қабылданған 31.03.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-102707/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 249 ·31.03.2016
29.06.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 249 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
249
Қабылданған күні
31.03.2016
Көрсетілген редакция
29.06.2018 102707_333238.kaz
Соңғы өзгеріс
29.06.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013729
ЭКБ идентификаторы
102707
Редакция идентификаторы
102707_333238
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:51

0 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 319-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6553 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2010 жылғы 20 қарашадағы № 316-317 (26377-26378) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу қағидаларын бекіту қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жер қойнауларын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу кезінде кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеуге арналған.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Қағидалар корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.»;
3-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Үшінші санатқа 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 101-бабының 8-тармағы бойынша бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келетін білікті жұмысшылар жатады.».
2) «Кадрдағы жергілікті үлесті есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 320-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6618 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 325 (26386) санында жарияланған) мынадай өзгерістер
мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Кадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу әдістемесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Кадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу әдістемесі бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу әдістемесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Кадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу әдістемесі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Кадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу әдістемесі (бұдан әрi - Әдiстеме) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрлендi.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Әдістеме корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.»;
4-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Үшінші санатқа 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 101-бабының 8-тармағы бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келетін білікті жұмысшылар жатады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3

3) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелері баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев
2016 жылғы 25 сәуір
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев
2016 жылғы 15 сәуір

Қолданыстағы