Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выбора площадки размещения ядерных установок и пунктов захоронения

Қаулы · № 301 · қабылданған 24.05.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-102708/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении Правил выбора площадки размещения ядерных установок и пунктов захоронения Қолданыста Қаулы ·№ 301 ·24.05.2016
24.05.2016 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выбора площадки размещения ядерных установок и пунктов захоронения

Қолданыста Қаулы ·№ 301 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выбора площадки размещения ядерных установок и пунктов захоронения
Атауы (қаз.)
Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
301
Қабылданған күні
24.05.2016
Көрсетілген редакция
24.05.2016 102708_85965.kaz
Соңғы өзгеріс
24.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1600000301
ЭКБ идентификаторы
102708
Редакция идентификаторы
102708_85965
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:02

0 Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін

орналастыру алаңын таңдау қағидаларын бекіту туралы
«Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2016 жылғы 24 мамырдағы
№ 301 қаулысымен
бекітілген
Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы «Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы

Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және ядролық қондырғыларды және көму пункттерін (бұдан әрі – ЯҚКП) орналастыру алаңын таңдау тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1 1) ЯҚКП орналасатын аудан – ЯҚКП қауіпсіздігіне әсер етуге қабілетті құбылыстар, процестер немесе оқиғалар пайда болатын немесе пайда болуы мүмкін ЯҚКП орналастыру мақсатында зерттелуге тиіс аумақ;

2 2) ЯҚКП орналастыру алаңы – ЯҚКП-ның барлық негізгі және қосалқы құрылыстары орналасатын қорғалатын периметр шегіндегі аумақ;

3 3) пайдаланушы ұйым – атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

2 2. ЯҚКП орналастыру алаңдарын таңдау тәртібі

3 3. Салу және салу ауданы туралы шешім қабылданғаннан кейін ЯҚКП орналастыру алаңын таңдау жұмыстары жүргізіледі.

4 4. ЯҚКП орналасатын алаң:

1 1) табиғи және (немесе) техногендік сипаттағы ықтимал сыртқы әсерлерді;

2 2) радиоактивті заттарды ықтимал көшіруді;

3 3) ЯҚКП пайдалану нәтижесінде немесе тосын оқиғалар немесе авариялардың туындауы нәтижесінде халыққа және қоршаған ортаға зиянды болдырмау мүмкіндігін ескере отырып анықталады.

5 5. ЯҚКП жобалау және салу алаңын таңдау бірнеше (үштен кем емес) бәсекелес алаңды айқындай отырып жобалау ауданын алдын ала зерттеуді қамтиды.

6 6. ЯҚКП алаңын таңдау бойынша жұмыстар техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу немесе құрылысты инвестициялауды негіздеу сатысында жүзеге асырылады.

7 7. Пайдаланушы ұйым:

1 1) техникалық-экономикалық негіздемені;

2 2) қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалауды;

3 3) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікке талдау бойынша алдын ала есепті;

4 4) сызбаларды қамтитын ЯҚКП алаңын таңдау жөніндегі негіздейтін құжаттарды әзірлейді.

8 8. ЯҚКП жобалау құжаттары міндетті түрде мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардан өткізіледі.

9 9. 1 және 2-санатты радиациялық қауіпсіздіктің ЯҚКП орналастыру және салу алаңын таңдау жөніндегі жобалау құжаттамасы ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасына жатады.

Қолданыстағы