Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 8 · қабылданған 18.05.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-102733/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий Қолданыста Өзге акт ·№ 8 ·18.05.2016
18.05.2016 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий

Қолданыста Өзге акт ·№ 8 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
8
Қабылданған күні
18.05.2016
Көрсетілген редакция
18.05.2016 102733_85010.kaz
Соңғы өзгеріс
18.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16TCD03527
ЭКБ идентификаторы
102733
Редакция идентификаторы
102733_85010
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:07

0 Шектеу іс-шараларын

белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 37 - бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық - санитарлық инспекторының 2016 жылғы 27 сәуірдегі №08/93 ұсынысына сәйкес Алға ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Алға ауылдық округі аумағында пастереллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2

2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Махамбет аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Махамбет аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының
«Махамбет аудандық орталық ауруханасы»
шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері Е.Сабиров
«18» мамыр 2016 жыл
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
комитетінің Атырау облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің Махамбет
аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау
басқармасы» республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы Л.Мамаева
«18» мамыр 2016 жыл

Қолданыстағы