О признании утратившими силу некоторых нормативных правовых постановлений акимата Толебийского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых нормативных правовых постановлений акимата Толебийского района
- Атауы (қаз.)
- Төлеби ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 155
- Қабылданған күні
- 06.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 06.05.2016 102734_85369.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16UM00155A
- ЭКБ идентификаторы
- 102734
- Редакция идентификаторы
- 102734_85369
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:16
0 Төлеби ауданы әкімдігінің
кейбір нормативтік құқықтық
қаулыларының күші жойылды
деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Занына сәйкес, Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Төлеби ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С.Бекмұрзаевқа жүктелсін.
4 Төлеби ауданы ауданы әкімдігінің
«06» мамыр 2016 жылғы
№ 155 қаулысына қосымша
Төлеби ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір нормативтік
құқықтық қаулыларының тізбесі
1
1. Төлеби ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 ақпандағы №158 «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2253 болып тіркелген, «Ленгер жаршысы» газетінде 2013 жылғы 30 наурызда жарияланған) қаулысы;
2
2. Төлеби ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі №524 «Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2852 болып тіркелген, «Аймақ тынысы» газетінде 2014 жылғы 29 қарашада жарияланған) қаулысы;
3
3. Төлеби ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 қаңтарындағы №7 «2016 жылға халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3544 болып тіркелген, «Ленгер жаршысы» газетінде 2016 жылғы 23 қаңтарда жарияланған) қаулысы;
4
4. Төлеби ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы №77 «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Төлеби ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 ақпандағы №158 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3073 болып тіркелген «Ленгер жаршысы» газетінде 2015 жылғы 20 наурызда жарияланған) қаулысы;
5
5. Төлеби ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы №18 «2016 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3576 болып тіркелген, «Ленгер жаршысы» газетінде 2016 жылғы 17 ақпанда жарияланған) қаулысы.