О признании утратившими силу некоторых нормативных правовых постановлений акимата Сарыагашского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых нормативных правовых постановлений акимата Сарыагашского района
- Атауы (қаз.)
- Сарыағаш ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 248
- Қабылданған күні
- 12.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 12.05.2016 102747_86008.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16UK00248A
- ЭКБ идентификаторы
- 102747
- Редакция идентификаторы
- 102747_86008
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:12
0 Сарыағаш ауданы әкімдігінің
кейбір нормативтік құқықтық
қаулыларының күші жойылды
деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Сарыағаш ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Әлсеитовке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Сарыағаш ауданы әкімдігінің
«12» мамыр 2016 жылғы
№ 248 қаулысына қосымша
Сарыағаш ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір нормативтік
құқықтық қаулыларының тізбесі
1
1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы №144 «Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2607 болып тіркелген «Сарыағаш» газетінің 2014 жылғы 16 мамырдағы №63-65 (11394) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
2
2. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы №15 «Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2978 болып тіркелген «Сарыағаш» газетінің 2015 жылғы 13 ақпандағы №6 (11451) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
3
3. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы №848 «Сарыағаш ауданының қала, кент, ауыл және ауылдық округтері әкімдері аппараттары мемлекеттік мекемелері туралы ережелерді бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2997 болып тіркелген «Сарыағаш» газетінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №8 (11453) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
4
4. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 02 ақпандағы №46 «Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3047 болып тіркелген «Сарыағаш» газетінің 2015 жылғы 04 наурыздағы №9 (11454) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
5
5. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы №273 «Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы №15 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3194 болып тіркелген «Сарыағаш» газетінің 2015 жылғы 19 маусымдағы №24 (11469) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
6
6. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы №443 «Сарыағаш ауданының қала, кент, ауыл және ауылдық округтері әкімдері аппараттары мемлекеттік мекемелері туралы ережелерді бекіту туралы» Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы №848 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3322 болып тіркелген «Сарыағаш» газетінің 2015 жылғы 04 қыркүйектегі №35 (11480) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
7
7. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 ақпандағы №95 «Сарыағаш ауданының қала, кент, ауыл және ауылдық округтері әкімдері аппараттары мемлекеттік мекемелері туралы ережелерді бекіту туралы» Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы №848 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3658 болып тіркелген «Сарыағаш» газетінің 2016 жылғы 08 сәуірдегі №20 (11517) нөмірінде жарияланған) қаулысы;