Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 123 · қабылданған 11.04.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-102754/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Қолданыста Қаулы ·№ 123 ·11.04.2016
19.11.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қолданыста Қаулы ·№ 123 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
123
Қабылданған күні
11.04.2016
Қолданысқа енгізілген күні
13.06.2016
Көрсетілген редакция
19.11.2024 102754_733436.kaz
Соңғы өзгеріс
19.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16G0003079
ЭКБ идентификаторы
102754
Редакция идентификаторы
102754_733436
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:40

0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;

3 3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4 4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Нұралиевке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Жамбыл облыстық
мәслихатының хатшысы
_________________ Б.Қарашолақов
« ___ » _______________ 2016 жыл

9 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Жамбыл облысы әкімдігінің
2016 жылғы 11 сәуірдегі № 123
қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы
және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесі

1 1. Денсаулық сақтау саласында:

1 1) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (басшының экономикалық, қаржылық және әкімшілік-шаруашылық мәселелері бойынша орынбасарынан басқа);

2 2) бөлімше, бөлім, станция, бөлімше (бөлім) секторы, филиал, орталық басшысы;

3 3) зертхана басшысы және басшының орынбасары;

4 4) дәріхана меңгерушісі;

5 5) зертхана меңгерушісі;

6 6) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

7 7) провизор;

8 8) барлық атаудағы медициналық мейіргер;

9 9) мамандандырылған медициналық мейіргер;

10 10) акушер;

11 11) диеталық мейіргер;

12 12) тіс дәрігері;

13 13) тіс технигі;

14 14) барлық атаудағы медициналық зертханашы;

15 15) рентгензертханашы;

16 16) фармацевт;

17 17) барлық атаудағы фельдшер;

18 18) барлық атаудағы мамандардың ассистенті (көмекшісі);

19 19) медициналық мейіргер көмекшісі;

20 20) медициналық тіркеуші;

21 21) емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;

22 22) еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы;

23 23) психолог;

24 24) медициналық тәрбиеші;

25 25) дәрігер-әдіскер;

26 26) әлеуметтік қызметкер;

27 27) оңалту жөніндегі нұсқаушы.

2 2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласында:

1

1) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (басшының экономикалық, қаржылық және әкімшілік-шаруашылық мәселелері бойынша орынбасарынан басқа), мансап орталығының, стационарлық, жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның, уақытша болу ұйымының және үйде қызмет көрсету ұйымының директоры (басшысы);

2 2) мансап орталығының сектор басшысы;

2-1) мансап орталығының бөлім басшысы;

3 3) ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі (басшысы) және меңгерушінің орынбасары (басшының орынбасары);

4 4) медициналық бөлімше меңгерушісі;

5 5) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

6 6) барлық мамандықтағы мұғалімдер;

7 7) жүзу жөніндегі нұсқаушы;

8 8) еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы;

9 9) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

10 10) халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты;

11 11) медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері;

12 12) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

13 13) мансап орталығының құрылымдық бөлімшесінің маманы;

13-1) мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесшісі;
13-2) иппотерапия жөніндегі нұсқаушы;

14 14) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

15 15) райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы-әдіскер;

16 16) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент;

17 17) мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы);

18 18) музыкалық жетекші;

19 19) медициналық мейіргер;

20 20) емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;

21 21) фельдшер;

22 22) диеталық мейіргер;

23 23) фармацевт;

24 24) акушер;

25 25) зертханашы (медициналық);

26 26) провизор (фармацевт);

27 27) тәрбиеші;

28 28) логопед;

29 29) психолог;

30 30) дефектолог;

31 31) кітапханашы.

3 3. Білім беру саласында:

1 1) директор, директордың орынбасары (директордың шаруашылық жұмыс жөніндегі орынбасарынан басқа);

2 2) мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі;

3 3) психология-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі;

4 4) лагерь бастығы;

5 5) әдістемелік кабинеттің меңгерушісі;

6 6) филиал меңгерушісі;

7 7) оқу шеберханасының меңгерушісі;

8 8) консультациялық пункттің меңгерушісі;

9 9) бөлімше меңгерушісі;

10 10) интернат меңгерушісі;

11 11) бөлім меңгерушісі (кадрлар бөлімінің меңгерушісінен басқа), кітапхана меңгерушісі;

12 12) оқу бөлімінің меңгерушісі;

13 13) барлық мамандықтағы мұғалімдер мен оқытушылар;

14 14) психолог-педагог;

15 15) сурдопедагог;

16 16) логопед;

17 17) дефектолог;

18 18) тифлопедагог;

19 19) әлеуметтік педагог;

20 20) әдіскер;

21 21) аға тәрбиеші;

22 22) тәрбиеші;

23 23) музыкалық жетекші;

24 24) ұйымдастырушы-педагог;

25 25) қосымша білім беретін педагог;

26 26) (емдік) дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;

27 27) аға жетекші;

28 28) жетекші;

29 29) аға шебер;

30 30) өндірістік оқыту шебері;

31 31) көркемдік жетекші;

32 32) еңбек жөніндегі нұсқаушы;

33 33) жаттықтырушы-оқытушы;

34 34) туризм жөніндегі нұсқаушы;

35 35) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

36 36) медициналық мейіргер;

37 37) диеталық мейіргер;

38 38) орта медициналық қызметкерлер;

39 39) кітапханашы;

40 40) суретші;

41 41) балетмейстер;

42 42) хормейстер;

43 43) дирижер;

44 44) сүйемелдеуші;

45 45) хореограф.

4 4. Спорт саласында:

1 1) қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (басшының әкімшілік-шаруашылық мәселелері бойынша орынбасарынан басқа);

2 2) нұсқаушы;

3 3) әдіскер;

4 4) жаттықтырушы;

5 5) бас жаттықтырушы;

6 6) дәрігер;

7 7) медициналық мейіргер.

5 5. Мәдениет саласында:

1 1) мәдениеттің, архивтердің коммуналдық мемлекеттік мекемелері мен коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (басшының шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасарынан басқа);

2 2) көркемдік жетекші;

3 3) бас: әкімші, қор сақтаушы, редактор, режиссер, балетмейстер, дирижер, хормейстер, суретші;

4 4) меңгеруші (басшы): көркемдік қойылым бөлімі, әдебиет бөлімі, архив қоймасы, кітапхана, клуб, тігін цехы, филиал, труппа, кабинет, бөлім, бөлімше, топ, сектор;

5 5) кітапханашы;

6 6) библиограф;

7 7) бас маман-дерекқор әкімшісі;

8 8) ғылыми-технологиялық ақпарат жөніндегі инженер;

9 9) инженер-жүйе технигі;

10 10) инженер-бағдарламашы;

11 11) инженер-тифлотехник;

12 12) редактор тифлолог;

13 13) тифлопедагог;

14 14) барлық атаудағы редактор;

15 15) барлық атаудағы әдіскер;

16 16) түптеуші;

17 17) мұрағат және кітапхана материалдарын қалпына келтіруші;

18 18) жүйе әкімшісі;

19 19) бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі маман (бағдарламашы);

20 20) менеджер (концерттер мен лекциялар ұйымдастырушы);

21 21) маман-бағдарламаларды әзірлеуші;

22 22) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

23 23) сүйемелдеуші;

24 24) сүйемелдеуші (концертмейстер);

25 25) музыка өңдеуші;

26 26) ұжым (үйірме) жетекшісі;

27 27) музыкалық жетекші;

28 28) қоюшы суретші;

29 29) диск-жокей;

30 30) маман (кітапхана және мәдени-демалыс қызметі жөніндегі);

31 31) хореограф;

32 32) хормейстер;

33 33) балетмейстер;

34 34) қоюшы-балетмейстер;

35 35) студия жетекшісі;

36 36) әкімші (негізгі қызметтер);

37 37) барлық атаудағы әртістер;

38 38) режиссер ассистенті;

39 39) арт-менеджер;

40 40) дирижер;

41 41) барлық атаудағы режиссер;

42 42) тарихшы (негізгі қызметтер);

43 43) музыкатанушы-лектор;

44 44) шебер (негізгі қызметтер);

45 45) редактор (негізгі қызметтер);

46 46) вокал жөніндегі репетитор;

47 47) сахналық қимыл бойынша репетитор;

48 48) қор сақтаушы;

49 49) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер),

50 50) сарапшы;

51 51) архивист;

52 52) археограф;

53 53) палеограф;

54 54) музейлер қорын есепке алу архивисті,

55 55) ескерткіштерді есепке алу және қорғау жөніндегі маман;

56 56) аға ғылыми қызметкер;

57 57) ғылыми қызметкер;

58 58) кіші ғылыми қызметкер;

59 59) бұқаралық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі нұсқаушы;

60 60) экскурсия жүргізуші;

61 61) өнертанушы;

62 62) экспозициялар мен көрмелерді ұйымдастыру жөніндегі маман;

63 63) киномеханик;

64 64) кинофильмдер прокатын тексерушісі;

65 65) кинотанушы;

66 66) бейнежазу операторы;

67 67) фильм материалдарын қалпына келтіруші.

6 6. Ветеринария саласында:

мамандар: ветеринариялық дәрігер; ветеринариялық фельдшер.

7 7. Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында:

1 1) орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы (директоры) және басшының орынбасары (директордың орынбасары);

2 2) орман күзету және қорғау бас инженері (табиғи кешендерді күзету және қорғау бас инженері);

3 3) ормандарды қалпына келтіру бас инженері (ормандарды молықтыру және орман өсiру бас инженері)

4 4) бас орман күтуші;

5 5) тұқымбақ басшысы;

6 6) екінші-үлгідегі орман өрт сөндіру станциясының басшысы;

7 7) бас орман күтушінің орынбасары;

8 8) инженер-орман патологы;

9 9) орман шикізаты ресурстары жөніндегі инженер (орман пайдалану жөніндегі инженер);

10 10) орман шебері (учаскелік);

11 11) орманшы (инспектор);

12 12) аңшылықтанушы;

13 13) бас есепші;

14 14) есепші;

15 15) экономист;

16 16) заңгер (кеңесші);

17 17) кадр бойынша инспектор;

18 18) программист;

19 19) еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер;

20 20) өндірістік цехтың меңгерушісі;

21 21) механик;

22 22) референт;

23 23) хатшы;

24 24) техникалық орындаушылар;

25 25) өрт сөндіруші;

26 26) жүргізуші;

27 27) тракторист;

28 28) тракторист-машинист;

29 29) радиооператор;

30 30) диспетчер.

Қолданыстағы