Об установлении ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 13.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 14.07.2016 102799_Some(109652).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16NHI06403
- ЭКБ идентификаторы
- 102799
- Редакция идентификаторы
- 102799_Some(109652)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:11
0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 - бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және 2016 жылғы 3 мамырдағы № 01-27/180 Денисов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде Покров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қостанай облысы Денисов ауданы Покровка ауылы мекенжайында орналасқан Светин Виктор Ивановичтың шалғайдағы кардасы аумағында ірі қара малдың құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2
2. «Денисов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Денисов аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Денисов аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ұсынылсын анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралары жүргізсін.