Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О порядке пользования сотовой связью государственными органами Республики Казахстан

Қаулы · № 757 · қабылданған 09.08.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-1028/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О порядке пользования сотовой связью государственными органами Республики Казахстан Күшін жойған 23.02.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О порядке пользования сотовой связью государственными органами Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы № 757 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О порядке пользования сотовой связью государственными органами Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының ұялы байланысты пайдалануының тәртiбi туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
757
Қабылданған күні
09.08.1998
Көрсетілген редакция
23.02.1999 AI1028_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.02.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P980000757_
ЭКБ идентификаторы
1028
Редакция идентификаторы
AI1028_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:35
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының ұялы байланысты пайдалануының тәртiбi туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР
Үкiметiнің 23.02.1999 № 149 қаулысымен.
Мемлекеттiк қаражатты үнемдеу режимiн күшейту және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының ұялы байланысты пайдалануын тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

1. Ұялы байланысты пайдалану құқығы министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдарының және басқа да мемлекеттiк органдардың басшыларына, олардың орынбасарларына; орталық атқарушы органдар департаменттерiнiң, агенттiктерiнiң, комитеттерiнiң басшыларына; Қазақстан Республикасы Президентiнiң бiрiншi көмекшiсiне, Қазақстан Республикасы Президентi Кеңсесiнiң меңгерушiсiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Хаттама бастығы мен Баспасөз хатшысына, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Хатшылығының жетекшiсiне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Баспасөз қызметiнiң жетекшiсiне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң көмекшiсiне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкiмдерiне және олардың орынбасарларына берiлсiн.
📌 Ескерту. 1-тармақ өзгердi - ҚР
Үкiметiнің 10.11.1998 № 1143 қаулысымен.

2. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдар мен басқа да мемлекеттiк органдар ұялы телефондардың санын осы қаулыға сәйкестендiрсiн.

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын ұстауға арналған
шығыстарды осы қаулыда белгiленген ұялы байланысты пайдаланудың
тәртiбiн ескере отырып қарастырсын;
мемлекеттiк органдар аппаратын ұстауға арналған қаражаттың
жұмсалуына тұрақты бақылау орнатсын.