Об утверждении предельных цен оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении предельных цен оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке
- Атауы (қаз.)
- Тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 206
- Қабылданған күні
- 14.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 14.05.2016 102810_124329.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013752
- ЭКБ идентификаторы
- 102810
- Редакция идентификаторы
- 102810_124329
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:10
0 Тауарлық газды ішкі нарықта
көтерме саудада өткізудің шекті
бағаларын бекіту туралы
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2016 жылғы 1 шілдеден бастап - 2017 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Қ. Бишімбаев
26 мамыр 2016 жыл
9 Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2016 жылғы 1 шілдеден бастап - 2017 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары
Қазақстан Республикасы
Энергетика Министрінің
2016 жылғы 14 мамырдағы
№ 206 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды
көтерме саудада өткізудің 2016 жылғы 1 шілдеден
бастап - 2017 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге
арналған шекті бағалары
№
Өңір
Қосылған құн салығын есепке алмағанда, мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен
1.
Алматы қаласы
21 002 (жиырма бір мың екі)
2.
Алматы облысы
21 002 (жиырма бір мың екі)
3.
Оңтүстік Қазақстан облысы
19 329 (он тоғыз мың үш жүз жиырма тоғыз)
4.
Жамбыл облысы
18 926 (он сегіз мың тоғыз жүз жиырма алты)
5.
Қызылорда облысы
7 545 (жеті мың бес жүз қырық бес)
6.
Батыс Қазақстан облысы
11 552 (он бір мың бес жүз елу екі)
7.
Ақтөбе облысы
4 721 (төрт мың жеті жүз жиырма бір)
8.
Атырау облысы
5 608 (бес мың алты жүз сегіз)
9.
Қостанай облысы
17 105 (он жеті мың жүз бес)
10.
Шығыс Қазақстан облысы
7 563 (жеті мың бес жүз алпыс үш)
11.
Маңғыстау облысы
13 678 (он үш мың алты жүз жетпіс сегіз)