О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбiр қаулыларының күшi жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 180
- Қабылданған күні
- 26.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 26.05.2016 102816_86652.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16S000180A
- ЭКБ идентификаторы
- 102816
- Редакция идентификаторы
- 102816_86652
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:00
0 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбiр
қаулыларының күшi жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 50-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбiр қаулыларының күшi жойылды деп танылсын.
«Азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қарашадағы № 326 қаулысы (2010 жылғы 25 желтоқсандағы «Солтүстік Қазақстан» газеттерінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1764 болып тіркелді);
«Азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қарашадағы № 326 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 тамыздағы № 207 қаулысы (2012 жылғы 3 тамыздағы «Солтүстік Қазақстан» газеттерінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1817 болып тіркелді).