Құжат мәтініне өту

Некоторые вопросы республиканского государственного учреждения "Служба центральных коммуникаций"

Жарлық · № 272 · қабылданған 01.06.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-102852/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Некоторые вопросы республиканского государственного учреждения "Служба центральных коммуникаций" Қолданыста Жарлық ·№ 272 ·01.06.2016
31.07.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Некоторые вопросы республиканского государственного учреждения "Служба центральных коммуникаций"

Қолданыста Жарлық ·№ 272 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Некоторые вопросы республиканского государственного учреждения "Служба центральных коммуникаций"
Атауы (қаз.)
"Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемеcінің кейбір мәcелелері
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
272
Қабылданған күні
01.06.2016
Көрсетілген редакция
31.07.2023 102852_647539.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U1600000272
ЭКБ идентификаторы
102852
Редакция идентификаторы
102852_647539
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:56

0 "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемеcінің кейбір мәcелелері

Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарамағына беру арқылы қайта құрылсын.

2 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1 1) Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігін "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган етіп айқындасын;

2

2) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мемлекеттік саясатты ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін орталық атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдерінің ақпараттық жұмысының мекемемен өзара іс-қимылын қамтамасыз етсін;

3 3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер (бұдан әрі - өзгерістер) бекітілсін.

4 4. Мыналардың:

1

1) 1-тармағын қоспағанда, "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 5 қазандағы № 403 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1067-құжат);

2

2) "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысын бекіту және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 2 қарашадағы № 420 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы Жарлық, мекеме белгіленген тәртіппен қайта тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 4-тармағын және өзгерістердің 2-тармағын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

11 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Пре­зи­ден­ті­нің
2016 жы­л­ғы 1 мау­сым­да­ғы
№ 272 Жар­лы­ғы­мен
БЕ­КІ­ТІ­Л­ГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

1 1. Күші жойылды - ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

2

3 3. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
"Мемлекеттік саяси лауазымдар:" деген 1-тарауда:
"Орталық коммуникациялар қызметінің" директоры, оның орынбасарлары" деген жол алып тасталсын.

4 4. Күші жойылды – ҚР Президентінің 16.08.2017 № 532 Жарлығымен.

Қолданыстағы