Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 139 · қабылданған 12.04.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-102861/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған Қаулы ·№ 139 ·12.04.2016
21.04.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Күшін жойған Қаулы ·№ 139 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін, азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдарының тiзбесiн анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
139
Қабылданған күні
12.04.2016
Көрсетілген редакция
21.04.2021 102861_528307.kaz
Соңғы өзгеріс
21.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16VG004541
ЭКБ идентификаторы
102861
Редакция идентификаторы
102861_528307
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:39

0 Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін,

азаматтық қызметші болып табылатын
әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру,
мәдениет, спорт және ветеринария
саласындағы мамандардың
лауазымдарының тiзбесiн
анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қосымша бойынша ауылдық жерлерде жұмыс істейтін, азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру , білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдарының тiзбесi анықталсын.

2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.Н. Кисамиеваға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Бесқарағай аудандық
мәслихат хатшысы
____________ К. Садыков
2016 жылғы « 12 » сәуір

4 Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін, азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдарының тізбесі

Бесқарағай аудандық әкiмдiгiнiң
2016 жылғы « 12 » сәуір
№ 139 қаулысына қосымша
Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін, азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, бөлімшенің меңгерушісі, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi кеңесші,
күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер, диета бойынша медбике, психолог, нұсқаушы, музыкалық жетекші, тәрбиеші, медбике, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулерді бағалау және мұқтаждықты анықтау бойынша әлеуметтiк қызметкер.

2 2. Білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:

мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшының орынбасары, мектепке дейінгі мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы, әдістемелік кабинет меңгерушісі, барлық мамандықтағы мұғалімдер, педагог-психолог, алғашқы әскери дайындық жетекшісі, қосымша білім беру педагогы, педагог-ұйымдастырушы, өндірістік оқыту шебері, әлеуметтік педагог, мұғалім-дефектолог, еңбектерапиясы жөніндегі нұсқаушы, зертханашы, тәрбиеші, музыкалық жетекші, нұсқаушы, кітапханашы, медбике, әдіскер, қосымша білім беру ұйымының басшысы.

3 3. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:

мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы, әдіскер, әртіс, мәдени ұйымдастырушы, кітапхана директоры, кітапханашы, хореограф, операторлар : дыбыс, бейне, балетмейстер, костюм беуші, музыка жетекшісі.

4 4. Дене шынықтыру саласындағы мамандар лауазымдары:

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, оқу ісі жөніндегі орынбасары, жаттықтырушы.

5 5. Ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:

басшы, ветеринарлық пункт меңгерушісі, ветеринар дәрігері, ветеринарлық фельдшер, ветеринарлық санитар.

Қолданыстағы