О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Экибастуза
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Экибастуза
- Атауы (қаз.)
- Екібастұз қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 523/5
- Қабылданған күні
- 13.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 13.05.2016 102893_86348.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16PC05235A
- ЭКБ идентификаторы
- 102893
- Редакция идентификаторы
- 102893_86348
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:11
0 Екібастұз қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен сәйкестікке келтіру мақсатында,Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Екібастұз қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының:
2014 жылғы 31 қазандағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің регламентін бекіту туралы» № 1278/10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4207 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 желтоқсанда «Отарқа» және «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланды);
2016 жылғы 29 қаңтардағы «Екібастұз қаласында 2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 97/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4925 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 ақпанда «Отарқа» және «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.