Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в административно-территориальное устройство Бейнеуского района

Қаулы · № 2/17 · қабылданған 24.05.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-102969/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в административно-территориальное устройство Бейнеуского района Қолданыста Қаулы ·№ 2/17 ·24.05.2016
24.05.2016 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в административно-территориальное устройство Бейнеуского района

Қолданыста Қаулы ·№ 2/17 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в административно-территориальное устройство Бейнеуского района
Атауы (қаз.)
Бейнеу ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2/17
Қабылданған күні
24.05.2016
Көрсетілген редакция
24.05.2016 102969_94373.kaz
Соңғы өзгеріс
24.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16M0003073
ЭКБ идентификаторы
102969
Редакция идентификаторы
102969_94373
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:02

0 Бейнеу ауданының

әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес және Бейнеу аудандық мәслихаты мен Бейнеу ауданының әкімдігінің пікірлерін ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Бейнеу ауданының Ноғайты ауылдық округі таратылсын.

2 2. Бейнеу ауданының Сам селолық округінің шекарасы, оның құрамына таратылған Ноғайты ауылдық округінің аумағын және Ноғайты селосын енгізу жолымен өзгертілсін.

3 3. Сам селолық округінің қазақ тіліндегі атауы «Сам ауылдық округі» болып, оның құрамына кіретін Сам және Ноғайты селоларының қазақ тіліндегі атаулары тиісінше «Сам ауылы» және «Ноғайты ауылы» болып өзгертілсін.

4 4. Сам ауылдық округінің әкімшілік орталығы болып Сам ауылы белгіленсін.

5 5. Маңғыстау облыстық мәслихаты мен облыс әкімінің 2000 жылғы 28 қыркүйектегі № VII/59 «Бейнеу ауданының Ноғайты ауылдық округін құру туралы» шешімі жойылсын.

6 6. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.пСейбағытов) осы қаулының және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

7 7. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.

8 8. Осы қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы