Құжат мәтініне өту

О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций

Өзге акт · № 46 · қабылданған 11.05.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-102997/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций Күшін жойған Өзге акт ·№ 46 ·11.05.2016
29.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций

Күшін жойған Өзге акт ·№ 46 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций
Атауы (қаз.)
Бейбiт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
46
Қабылданған күні
11.05.2016
Көрсетілген редакция
29.06.2020 102997_469905.kaz
Соңғы өзгеріс
29.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16KF003818
ЭКБ идентификаторы
102997
Редакция идентификаторы
102997_469905
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:15

0 Бейбiт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қосымшаға сәйкес Сәтбаев қаласы және Жезқазған кенті аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.

2

2. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2007 жылғы 16 шілдедегі «Сәтбаев қаласында бейбіт жиналыстар, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орнын белгілеу туралы» № 480 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-6-49 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 шілдедегі «Шарайна» № 81 (1489) газетінде жарияланған).

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Сәтбаев қалалық мәслихатының

2016 жылғы 11 мамырдағы
№ 46 шешімімен
бекітілген
Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу

1

1. Сәтбаев қаласы және Жезқазған кентінде осы бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу (әрі қарай – Тәртіп) Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Заңының 10 бабына сәйкес әзірленген және Сәтбаев қаласы және Жезқазған кентінде жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттейді.

2 2. Сәтбаев қаласында бейбіт жиналыстар және митингілер өткізу орындары:

1 1) Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы мен Жеңіс көшесінің қиылысындағы «Асыл мекен» ойын-сауық кешеніне қарама-қарсы орналасқан алаң;

2 2) Гурба көшесіндегі Жеңіс саябағына қарама-қарсы орналасқан Даңқ алаңы.

3 3. Жезқазған кентінде бейбіт жиналыстар және митингілер өткізу орны: Әбиев көшесі бойындағы Мәдениет үйіне қарама-қарсы алаңы.

4 4. Сәтбаев қаласында бейбіт шерулер және демонстрациялар өткізу үшін маршруттар:

1 1) Байқоңыров көшесі бойынша № 4 үйден, Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы бойынша, Құсайынов көшесі жағынан Олимпиадалық резервке дайындау орталығына дейін;

2 2) Мұратбаев көшесі бойынша № 12 үйден, Гурба көшесі бойынша, Жандосов көшесі бойынша № 4 үйге дейін.

5 5. Жезқазған кентінде бейбіт шерулер және демонстрациялар өткізу үшін маршрут: Әбиев көшесі бойынша № 27 үйден № 13 дүкенге дейін.

6

6. Қала әкімдігі басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтiнiш жасағандарға шараны өткiзудiң өзге уақыты, жерiн және маршрутын ұсынады.

7 7. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген күнінен кемiнде 10 күн бұрын жазбаша нысанда берiледi.

8

8. Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген күні көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi қала әкімдігінде тiркелген күнiнен бастап есептеледi.

9 9. Осы тәртіптің 7, 8 тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда өтініш берушіге жол берілген кемшілікті жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы жауап қайтарылады. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның түскен күнiнен бастап есептеледi.

10 10. Түсіндіру мазмұнындағы жауапта, ұйымдастырушылар барлық дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды хабардар ету бойынша шаралар қабылдауға жазбаша нұсқалады.

11 11. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.

12 12. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауы керек.

13 13. Уәкілеттілер (ұйымдастырушылар) жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларға сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп таныған тұлғалардың, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйдегі тұлғалардың қатысуына жол бермеуі керек.

14 14. Уәкілеттілер (ұйымдастырушылар) және басқа да қатысушылар жиналыстарда, митингілерде, шерулерде, пикеттерде, демонстрацияларда жеке басын анықтауға қиындық келтіретін бетперде және басқа да бұйымдарды қолдануға жол берілмейді.

15

15. Уәкілеттілер (ұйымдастырушылар) және басқа да қатысушылар жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өтетін орында алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды, олардың балама түрлерін және прекурсорларды қолдануға, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, біреудің ар-намысына тиетін, транспаранттарды, ұрандарды қолдануға тыйым салынады.

16

16. Егер: өтініш берілмеген болса, тыйым салу туралы шешім шығарылса, өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін, қоғамдық тәртіп бұзылатын жағдайда бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар қала әкімдігі өкілінің талап етуі бойынша тоқтатылуға тиіс.

17 17. Қоғамдық тәртіпті, сонымен қатар пикетке қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, қала әкімдігі бір күнде, бір уақытта және бір объектіде үшеуден аспайтын жеке дара пикетті өткізуге рұқсат беруі мүмкін.

18 18. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар пикетке қатысушылардың қауіпсіздігі мақсатында түрлі және дара пикетке қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасады.

19 19. Пикет өткізу кезінде пикет өткізілетін объектінің алдында тұруға, отыруға, көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға, пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандарды айтуға, ұран сөздерді (өз дауысының мүмкіндігімен) жол беріледі.

Қолданыстағы