Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 91 · қабылданған 04.05.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-103008/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Қолданыста Қаулы ·№ 91 ·04.05.2016
25.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қолданыста Қаулы ·№ 91 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
91
Қабылданған күні
04.05.2016
Көрсетілген редакция
25.04.2025 103008_755321.kaz
Соңғы өзгеріс
25.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16NL006412
ЭКБ идентификаторы
103008
Редакция идентификаторы
103008_755321
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:18

0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 18 – бабына, 139 – бабының 9 – тармағына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

КЕЛІСІЛДІ
Қарабалық аудандық
мәслихатының хатшысы
______________А. Төлебаев

3 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Қарабалық
ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 4 мамырдағы
№ 91 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

2 2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

3 3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

4 4) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

5 5) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

6 6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

7 7) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант.

2 2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;

3 3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

4 4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);

5 5) кітапханашы;

6 6) библиограф;

7 7) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

8 8) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

9 9) хореограф;

10 10) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

11 11) қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің мұғалімдері;

12 12) дыбыс режиссері;

13 13) барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер);

14 14) музыкалық жетекші;

15 15) аккомпаниатор;

16 16) ұжым (үйірме) басшысы.

3 3. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

2 2) әдіскер;

3 3) нұсқаушы-спортшы.

Қолданыстағы