Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Күшін жойған
Қаулы
·№ 71
·
21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 71
- Қабылданған күні
- 22.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 24.02.2017 103088_164835.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16ZF004425
- ЭКБ идентификаторы
- 103088
- Редакция идентификаторы
- 103088_164835
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:27
0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты
жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес, Жәнібек ауданының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы
белгіленсін.
2 2. Жәнібек ауданы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 16 сәуірдегі №79 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, №7-6-141, 2012 жылғы 8 маусымдағы «Шұғыла» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Жәнібек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдамаларды беру жолымен мұқтаж мүгедектерді квоталандырылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруда жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
Б.Н.Меңешовқа жүктелсін.