О признании утратившими силу некоторых нормативных правовых постановлений акимата Ордабасынского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых нормативных правовых постановлений акимата Ордабасынского района
- Атауы (қаз.)
- Ордабасы ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 267
- Қабылданған күні
- 08.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 08.06.2016 103109_89004.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16UH00267A
- ЭКБ идентификаторы
- 103109
- Редакция идентификаторы
- 103109_89004
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:50
0 Ордабасы ауданы әкімдігінің
кейбір нормативтік құқықтық
қаулыларының күші жойылды
деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшаларына сәйкес Ордабасы ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Сәдірмекке жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Ордабасы ауданы әкімдігінің «08»
маусым 2016 жылғы №267
қаулысына қосымша
Ордабасы ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір нормативтік
құқықтық қаулыларының тізбесі
1. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы №64 «Ордабасы ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 11 ақпандағы №3579 тіркелген, «Ордабасы оттары» газетінде 2016 жылғы 20 ақпанда жарияланған).
2. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 тамыздағы №409 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 03 қыркүйектегі №2798 тіркелген, «Ордабасы оттары» газетінде 2014 жылғы 06 қыркүйектегі жарияланған).
3. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қыркүйектегі №422 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Ордабасы ауданы әкімдігінің 13 тамыз 2014 жылғы №409 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 30 қыркүйектегі №3348 тіркелген, «Ордабасы оттары» газетінде 2015 жылғы 10 қазанда жарияланған).