Об определении критериев по выбору видов отчуждения районного коммунального имущества
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении критериев по выбору видов отчуждения районного коммунального имущества
- Атауы (қаз.)
- Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлерді анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- а-5/147
- Қабылданған күні
- 03.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 03.05.2016 103182_89577.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16BE005395
- ЭКБ идентификаторы
- 103182
- Редакция идентификаторы
- 103182_89577
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:19
0 Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлерді анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлер анықталсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары А.В. Чириковқа жүктелсін.
3 3. Аудан әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Атбасар ауданы әкімдігінің «3» мамырдагы 2016 жылғы
№ а-5/147 қаулысына қосымша
Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлер
№ п/п
Критерийлер атауы
Иеліктен шығару түрі
1
Мемлекеттік меншіктегі объектіге алдағы бақылауда мемлекет мүдделілігі болмаған кезде
Аукцион түрінде жекешелендіру
2
Сату шартын белгілеу жолымен уақыттың белгіленген кезеңіне мемлекет жағынан бақылаудың сақталу қажеттілігі кезінде
Тендер нысанында жекешелендіру