Құжат мәтініне өту

Об установлении видов субсидируемых удобрений (за исключением органических) и норм субсидий

Қаулы · № 123 · қабылданған 06.05.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-103193/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении видов субсидируемых удобрений (за исключением органических) и норм субсидий Күшін жойған Қаулы ·№ 123 ·06.05.2016
10.07.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении видов субсидируемых удобрений (за исключением органических) и норм субсидий

Күшін жойған Қаулы ·№ 123 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении видов субсидируемых удобрений (за исключением органических) и норм субсидий
Атауы (қаз.)
Субсидияланатын тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
123
Қабылданған күні
06.05.2016
Көрсетілген редакция
10.07.2017 103193_213821.kaz
Соңғы өзгеріс
10.07.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16M0003062
ЭКБ идентификаторы
103193
Редакция идентификаторы
103193_213821
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:16

0 Субсидияланатын тыңайтқыштардың

(органикалық тыңайтқыштарды
қоспағанда) түрлерін және
субсидиялардың нормаларын
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағының 5-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормалары белгіленсін.

2 2. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы):

осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
осы қаулының Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А.С. Мамытбеков
05 мамыр 2016 жыл.
«Маңғыстау облысының
қаржы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
М.Б. Әлібекова
04 мамыр 2016 жыл.
«Маңғыстау облысының экономика
және бюджеттік жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушысы
С. Б. Нарешова
04 мамыр 2016 жыл.
«Маңғыстау облысының ауыл
шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б. Ерсайынұлы
04 мамыр 2016 жыл.

5 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2016 жылғы "06" мамырдағы
№ 123 қаулысына
қосымша
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормалары

р/с
Субсидияланатын тыңайтқыштардың
түрлері
Өлшем бірлігі
Бір бірлік құнын арзандату пайызы
Бір бірлікке субсидиялардың нормалары,
теңге
Отандық өндіріс тыңайтқыштары
1
Аммиак селитрасы
(N- 34,4 %)
тонна
50
34 000
2
Аммофос
(N- 10 %; P2О5 – 46 %)
тонна
50
62 500
Шетелдік өндіріс тыңайтқыштары
3
Новалон (N-13: P-40: K-13+ МЭ)
килограмм
30
373,92
4
Новалон (N-19: P-19: K-19+2MgO +МЭ)
килограмм
30
328,32
5
Новалон (N-03: P-07: K-37 + 2MgO +МЭ)
килограмм
30
328
6
Монокалийфосфат
(P2O5-52%, K2O-34%)
тонна
30
248 760
7
Шоғырланған кальций нитраты (CaO-32%,
N-17%)
тонна
30
81 600
8
Калий селитрасы маркасы СХ (N-13,7, K2O-46,3%)
тонна
30
156 480
9
Күкіртқышқылды магний 7-сулы (MgO-16,6%,
S-13,2%)
тонна
30
73 500
10
Нитроаммофоска (N15:P15:K15)
тонна
30
54 000

Қолданыстағы