О некоторых вопросах Министерства внутренних дел Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Министерства внутренних дел Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң кейбір мәселелерi туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 337
- Қабылданған күні
- 07.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 07.06.2016 103228_90401.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000337
- ЭКБ идентификаторы
- 103228
- Редакция идентификаторы
- 103228_90401
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:52
0 Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң
кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің АК-159/22 мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесі таратылсын.
2
2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің «Есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтiк-психологиялық оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің «Есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтiк-психологиялық оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) болып қайта аталсын.
3 3. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен оның ведомстволарының тiзбесiнде:
«1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 60-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«60. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің «Есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтiк-психологиялық оңалту орталығы.»;
«2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті» деген бөлімде:
реттік нөмірі 46-жол алып тасталсын.