Құжат мәтініне өту

О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Жанааркинского района

Өзге акт · № 2/18 · қабылданған 11.05.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-103260/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Жанааркинского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 2/18 ·11.05.2016
29.07.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Жанааркинского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 2/18 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Жанааркинского района
Атауы (қаз.)
Жаңаарқа ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбiн қосымша реттеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2/18
Қабылданған күні
11.05.2016
Көрсетілген редакция
29.07.2020 103260_474691.kaz
Соңғы өзгеріс
29.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16KL003833
ЭКБ идентификаторы
103260
Редакция идентификаторы
103260_474691
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:15

0 Жаңаарқа ауданының

аумағында бейбіт жиналыстар,
митингiлер, шерулер, пикеттер
және демонстрациялар өткiзу
тәртiбiн қосымша реттеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қоса беріліп отырғанға сәйкес Жаңаарқа ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбi қосымша реттелсін.

2

2. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2007 жылғы 9 шілдедегі №39/316 «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №8-12-33 болып тіркелген, 2007 жылғы 4 тамыздағы №36 (9221) «Жаңаарқа» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Жаңаарқа аудандық мәслихатының

2016 жылғы 11 мамырдағы
№2/18 шешімімен бекітілді
Жаңаарқа ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртібін қосымша реттеу

1

1. Жаңаарқа ауданының аумағында осы бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу (әрі қарай - Тәртіп) Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Заңының 10 бабына сәйкес әзірленген және Жаңаарқа ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттейді.

2 2. Бейбіт жиналыстар және митингілер өткізу орындары:

1) Атасу кентінің Абай даңғылында орналасқан «Тәуелсіздік» саябағының үлкен сахнасының алаңы;
2) Атасу кентінің Тәуелсіздік даңғылында орналасқан «Мәңгілік ел» алаңы.

3 3. Бейбіт шерулер және демонстрациялар өткізу үшін маршрут:

Атасу кентінің Тәуелсіздік даңғылында орналасқан «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының Жаңаарқа аудандық филиалының ғимаратынан бастап Тәуелсіздік даңғылында орналасқан «Мәңгілік ел» алаңына дейін.

4

4. Аудан әкімдігі басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтiнiш жасағандарға шараны өткiзудiң өзге уақыты, жерiн және маршрутын ұсынады.

5 5. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген күнінен кемiнде 10 күн бұрын жазбаша нысанда берiледi.

6

6. Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген күні көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi аудан әкімдігінде тiркелген күнiнен бастап есептеледi.

7 7. Осы Тәртіптің 5, 6 тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда өтініш берушіге жол берілген кемшілікті жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы жауап қайтарылады. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның түскен күнiнен бастап есептеледi.

8 8. Түсіндіру мазмұнындағы жауапта, ұйымдастырушылар барлық дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды хабардар ету бойынша шаралар қабылдауға жазбаша нұсқалады.

9 9. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.

10 10. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауы керек.

11 11. Уәкілеттілер (ұйымдастырушылар) жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларға алкогольдік немесе есірткілік масаң күйдегі тұлғалардың қатысуына жол бермеуі керек.

12 12. Уәкілеттілер (ұйымдастырушылар) және басқа да қатысушылар жиналыстарда, митингілерде, шерулерде, пикеттерде, демонстрацияларда жеке басын анықтауға қиындық келтіретін бетперде және басқа да бұйымдарды қолдануға жол берілмейді.

13

13. Уәкілеттілер (ұйымдастырушылар) және басқа да қатысушылар жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өтетін орында алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды, олардың балама түрлерін және прекурсорларды қолдануға, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға шақыратын, транспаранттарды, ұрандарды қолдануға сондай-ақ көпшілік алдындағы сөздерге жол берілмейді.

14

14. Егер: өтініш берілмеген болса, тыйым салу туралы шешім шығарылса, өткізу кезінде Қазақстан Республикасын заңнамаларында көзделген тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін, қоғамдық тәртіп бұзылатын жағдайда бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар аудан әкімдігі өкілінің талап етуі бойынша тоқтатылуға тиіс.

15 15. Қоғамдық тәртіпті, сонымен қатар пикетке қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі бір күнде, бір уақытта және бір объектіде үшеуден аспайтын жеке дара пикетті өткізуге рұқсат беруі мүмкін.

16 16. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар пикетке қатысушылардың қауісіздігі мақсатында түрлі дара пикетке қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасады.

17 17. Пикет өткізу кезінде пикет өткізілетін объектінің алдында тұруға, отыруға, көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға, пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандарды айтуға, ұран сөздерді (өз дауысының мүмкіндігімен) жол беріледі.

Қолданыстағы