Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи на возмещение затрат на обучение на дому детей-инвалидов

Өзге акт · № 55 · қабылданған 18.05.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-103298/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи на возмещение затрат на обучение на дому детей-инвалидов Күшін жойған Өзге акт ·№ 55 ·18.05.2016
31.03.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи на возмещение затрат на обучение на дому детей-инвалидов

Күшін жойған Өзге акт ·№ 55 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи на возмещение затрат на обучение на дому детей-инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
55
Қабылданған күні
18.05.2016
Көрсетілген редакция
31.03.2023 103298_624237.kaz
Соңғы өзгеріс
31.03.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16KO003844
ЭКБ идентификаторы
103298
Редакция идентификаторы
103298_624237
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:07

0 Мүгедек балаларды үйде оқытуға

жұмсаған шығындарды өтеуге
әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарына сәйкес Осакаров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар әр мүгедек балаға ай сайын екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.

2 2. Келесі шарттар белгіленсін:

1 1) үйде оқытылатын мүгедек балаларға шығындарды өтеу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және мүгедек балаларға қатысты ата-анасының ата-ана құқығынан айырылған балалардан басқа) ата-анасының біреуіне және мүгедек баланың басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;

2 2) шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап оқу жылының аяқталған айына дейін беріледі;

3

3) шығындарды өтеу қаржыландырудың түсуіне байланысты өткен айға жүргізіледі. Шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

3 3. «Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (А.А. Тулеуова) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуді қамтамасыз етілсін.

4 4. «Осакаров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Е.Е. Темиров) жергілікті бюджетте қарастырылған қаржы шегінде міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру жоспарына сәйкес,

мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуді қаржыландыру бойынша мәселесі шешілсін.

5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат бойынша тұрақты комиссиясына (Н.С. Кобжанов) жүктелсін.

6 6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Осакаров ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
А. Тулеуова
2016 жыл «18» мамыр

Қолданыстағы