Об установлении единых ставок фиксированного налога по Каратальскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога по Каратальскому району
- Атауы (қаз.)
- Қаратал ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6-20
- Қабылданған күні
- 08.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 11.04.2018 103310_315959.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16DL003883
- ЭКБ идентификаторы
- 103310
- Редакция идентификаторы
- 103310_315959
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:51
0 Қаратал ауданы бойынша
бірыңғай тіркелген салық
мөлшерлемелерін белгілеу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес қызметін Қаратал ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері белгіленсін.
2
2. «Қаратал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Т. Н. Керімбеков) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Жоспарлау, бюджет, шаруашылық қызмет, құрылыс, жерді пайдалану, табиғат қорғау және табиғи қорды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Қаратал аудандық
мәслихатының
2016 жылғы 8 маусымдағы
№ 6-20 шешіміне қосымша
Қызметін Қаратал ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері
Р/
№
Салық салу объектісінің
атауы
Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшері
(айлық есептік көрсеткіш)
1
2
3
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын
автоматы
2
2.
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
2
3.
Ойын өткізу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
2
4.
Ойын жолы
10
5.
Карт
5
6.
Бильярд үстелі
4