О признании утратившими силу некоторых нормативных правовых постановлений акимата города Арыс
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых нормативных правовых постановлений акимата города Арыс
- Атауы (қаз.)
- Арыс қаласы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 179
- Қабылданған күні
- 03.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 03.06.2016 103348_90055.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16UB00179A
- ЭКБ идентификаторы
- 103348
- Редакция идентификаторы
- 103348_90055
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:55
0 Арыс қаласы әкімдігінің
кейбір нормативтік құқықтық
қаулыларының күші жойылды
деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Арыс қаласы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ділдәбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Арыс қаласы әкімдігінің
03.06.2016 жылғы
№179 қаулысына қосымша
Арыс қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір нормативтік
құқықтық қаулыларының тізбесі
1. Арыс қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 1 қазандағы №504 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2832 болып тіркелген «Арыс ақиқаты» газетінің 2014 жылғы 25 қазандағы №45 (5935) нөмірінде жарияланған) қаулысы.
2. Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы №304 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Арыс қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 1 қазандағы №504 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3220 болып тіркелген «Арыс ақиқаты» газетінің 2015 жылғы 11 шілдедегі №28 (5970) нөмірінде жарияланған) қаулысы.
3. Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы №25 «Арыс қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3013 болып тіркелген «Арыс ақиқаты» газетінің 2014 жылғы 21 ақпандағы №8-9 (5951) нөмірінде жарияланған) қаулысы.
4. Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы №46 «Арыс қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы №25 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3602 болып тіркелген «Арыс ақиқаты» газетінің 2016 жылғы 2 сәуірдегі №15 (6009) нөмірінде жарияланған) қаулысы.