О признании утратившими силу некоторых нормативных правовых постановлений акимата Толебийского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых нормативных правовых постановлений акимата Толебийского района
- Атауы (қаз.)
- Төлеби ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 198
- Қабылданған күні
- 02.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 02.06.2016 103351_89858.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16UM00198A
- ЭКБ идентификаторы
- 103351
- Редакция идентификаторы
- 103351_89858
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:56
0 Төлеби ауданы әкімдігінің
кейбір нормативтік құқықтық
қаулыларының күші жойылды
деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Төлеби ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С.Бекмұрзаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Төлеби ауданы әкімдігінің «02»
маусым 2016 жылғы
№198 қаулысына қосымша
Төлеби ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір нормативтік
құқықтық қаулыларының тізбесі
1. Төлеби ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №210 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3184 болып тіркелген «Ленгер жаршысы» газетінің 2015 жылғы 23 мамырдағы №20 (508) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
2. Төлеби ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 02 ақпандағы №32 «Төлеби ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» Төлеби аудан әкімдігінің 2015 жылғы 11 маусымдағы №266 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3614 болып тіркелген «Ленгер жаршысы» газетінің 2016 жылғы 9 наурыздағы №11 (552) нөмірінде жарияланған) қаулысы;