О признании утратившими силу некоторых приказов Министра финансов Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых приказов Министра финансов Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 242
- Қабылданған күні
- 20.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 20.05.2016 103367_134674.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16E0000242
- ЭКБ идентификаторы
- 103367
- Редакция идентификаторы
- 103367_134674
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:03
0 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі және «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Заң қызметі департаменті (М.Б. Әділханов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір апталық мерзімде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
2 2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 20 мамырдағы
№ 242 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір
бұйрықтарының тізбесі
1
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 309 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 маусымда № 11486 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 1 сәуірде жарияланған).
2
2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 309 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қазандағы № 548 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 қарашада № 12325 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 24 желтоқсанда жарияланған).
3
3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 309 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 51 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 наурызда № 13414 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 1 сәуірде жарияланған).