О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата района
- Атауы (қаз.)
- Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 79
- Қабылданған күні
- 25.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 25.04.2016 103393_91240.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16CE00079A
- ЭКБ идентификаторы
- 103393
- Редакция идентификаторы
- 103393_91240
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:25
0 Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актiлер туралы» № 480 Заңының 27 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ырғыз ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 Аудан әкімдігінің
2016 жылғы 25 сәуір
№ 79 қаулысына қосымша
Аудан әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының ТІЗБЕСІ
1
1. Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 17 қазандағы № 211 «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысы. (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 08 қарашада № 3428 ретпен тіркелген).