О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Караганды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Караганды
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 23/07
- Қабылданған күні
- 08.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 08.06.2016 103440_91142.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16KA02307A
- ЭКБ идентификаторы
- 103440
- Редакция идентификаторы
- 103440_91142
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:50
0 Қарағанды қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес Қарағанды қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қосымшаға сәйкес Қарағанды қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылсын деп танылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкiмiнiң орынбасары И.Ю.Любарскаяға жүктелсiн.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң әрекетке енеді.
4 Қарағанды қаласы әкімдігінің
2016 жылғы
«08» 06 № 23/07
қаулысына қосымша
1
1. «2016 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Қарағанды қаласы кәсiпорындарының, ұйымдарының, мекемелерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» 2015 жылғы 30 желтоқсанда № 63/44 Қарағанды қаласы әкімдігінің қаулысы (2016 жылғы 29 қаңтарда № 3643 нормативті-құқықтық актілер реестрінде тіркелген «Орталық Қазақстан» 06.02.2016 жылғы № 24-25 (22 130) және «Индустриальная Караганда» 06.02.2016 жылғы № 16 (21961) газеттерінде жарияланды, 2016 жыл 17 ақпанда «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде тіркелген).
2 2. «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орнының квотасын белгілеу туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің қаулысы 2006 жылғы 19 шілде № 08/02 қаулысы (№ 08/02 2006 жылғы 24 тамызда «Орталық Қазақстан» газетінде жарияланған, № 8-1-38 нормативті-құқықтық актілер реестрінде тіркелген).
3
3. «Қарағанды қаласындағы азаматтардың жекелеген топтарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 20 сәуірде № 4/2 қаулысы (28 сәуірде № 8-1-29 нормативті-құқықтық актілер реестрінде тіркелген, 2006 жылдың 4 мамырдағы № 53(20 292) «Индустриальная Караганда» және «Орталық Қазақстан» 2006 жылдың 4 мамырдағы № 86-87 газеттерінде жарияланған).
4
4. «Бөгде адамның көмегін қажет ететін жалғызкісілік мүгедектерді күтуге арналған мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыға қосымша үстеме тағайындау және төлеу Қағидасын бекіту туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 4 наурызда № 7/7 қаулысы (16 сәуірде № 1488 нормативтік құқықтық жүйесінде тіркелген).
5
5. «Қарағанды қаласында қылмыстық атқару инспекциясы провация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 қарашада № 04/03 қаулысы (№ 2015 нормативті-құқықтық актілер реестрінде тіркелген, «Орталық Қазақстан» 20.12.2012 жылғы № 215-216 (21 419) және «Индустриальная Караганда» 15.12.2012 жылғы № 159-160 (21323-21324) газеттеріне жарияланды).
6
6. «Қарағанды қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 маусымда № 28/07 қаулысы (2013 жылы 10 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық жүйесінде (№ 8-1-136 тіркелген, 2011 жыл 2 тамызда № 86 (21 100) «Индустриальная Караганда» және 2011 жыл 2 тамызда № 125 (21 117) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған.