Құжат мәтініне өту

О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории города Каражал

Өзге акт · № 20 · қабылданған 11.05.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-103445/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории города Каражал Күшін жойған Өзге акт ·№ 20 ·11.05.2016
29.07.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории города Каражал

Күшін жойған Өзге акт ·№ 20 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории города Каражал
Атауы (қаз.)
Қаражал қаласы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
20
Қабылданған күні
11.05.2016
Көрсетілген редакция
29.07.2020 103445_474687.kaz
Соңғы өзгеріс
29.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16KE003841
ЭКБ идентификаторы
103445
Редакция идентификаторы
103445_474687
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:15

0 Қаражал қаласы аумағында

бейбіт жиналыстар, митингілер,
шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізу тәртібін
қосымша реттеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Заңдарына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қоса беріліп отырғанға сәйкес Қаражал қаласы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.

2

2. Қаражал қалалық мәлихатының 2014 жылғы 24 маусымдағы ХХХ сессиясының № 242 «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2702 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 9 тамызда № 33 (705) «Қазыналы өңір» газетінде, 2014 жылғы 13 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Қаражал қалалық мәслихатының

2016 жылғы 11 мамырдағы
№ 20 шешімімен
бекітілген
Қаражал қаласы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу

1

1. Қаражал қаласы аумағында осы бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу (әрі қарай - Тәртіп) Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Заңының 10-бабына сәйкес әзірленген және Қаражал қаласы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттейді.

2 2. Қаражал қаласы аумағында бейбіт жиналыстар және митингілер өткізу орындары:

1 1) Қаражал қаласы, Абай көшесіндегі орталық қалалық алаң;

2 2) Қаражал қаласы, Битабар көшесіндегі «Горняк» стадионы жанындағы қосалқы футбол алаңы;

3 3) Жәйрем кенті, Абай көшесіндегі «Жәйрем кентінің мәдени-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны алдындағы алаң;

4 4) Жәйрем кенті, Шынтуринов көшесіндегі соңғы аялдама маңындағы алаң.

3 3. Қаражал қаласы аумағында шерулер және демонстрациялар өткізу үшін маршруттар:

1 1) Қаражал қаласы, Абай және Горняков көшелерінің қиылысынан бастап «Арай» сауда үйіне дейін;

2 2) Жәйрем кенті, Абай және Металлургтер көшелерінің қиылысынан бастап «Жәйрем кентінің мәдени-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны алдындағы алаңға дейін.

4

4. Қала әкімдігі басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтiнiш жасағандарға шараны өткiзудiң өзге уақытын, жерiн және маршрутын ұсынады.

5 5. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген күннінен кемiнде 10 күн бұрын, жазбаша нысанда берiледi.

6

6. Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген күні көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi қала әкімдігінде тiркелген күнiнен бастап есептеледi.

7 7. Осы тәртіптің 5, 6 тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда өтініш берушіге жол берілген кемшілікті жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұндағы жауап қайтарылады. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның түскен күнiнен бастап есептеледi.

8 8. Түсіндіру мазмұндағы жауапта, ұйымдастырушылар барлық дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды хабардар ету бойынша шаралар қабылдауға жазбаша нұсқалады.

9 9. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.

10 10. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауы керек.

11 11. Уәкілеттілер (ұйымдастырушылар) жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларға алкогольдік немесе есірткілік масаң күйдегі тұлғалардың қатысуына жол бермеуі керек.

12 12. Уәкілеттілерге (ұйымдастырушыларға) және басқа да қатысушыларға жиналыстарда, митингілерде, шерулерде, пикеттерде, демонстрацияларда жеке басын анықтауға қиындық келтіретін бетперде және басқа да бұйымдарды қолдануға жол берілмейді.

13

13. Уәкілеттілерге (ұйымдастырушыларға) және басқа да қатысушыларға жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өтетін орында алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды, олардың балама түрлерін және прекурсорларды қолдануға, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға шақыратын транспаранттарды, ұрандарды қолдануға, сондай-ақ көпшілік алдындағы сөздерге жол берілмейді.

14

14. Егер: өтініш берілмеген болса, тыйым салу туралы шешім шығарылса, өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген тәртіп бұзылған, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін, қоғамдық тәртіп бұзылатын жағдайларда бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар қала әкімдігі өкілінің талап етуі бойынша тоқтатылуға тиіс.

15 15. Қоғамдық тәртіпті, сонымен қатар пикетке қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, қала әкімдігі бір күнде, бір уақытта және бір объектіде үшеуден аспайтын жеке дара пикетті өткізуге рұқсат беруі мүмкін.

16 16. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар пикетке қатысушылардың қауіпсіздігі мақсатында түрлі жеке дара пикетке қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасады.

17 17. Пикет өткізу кезінде пикет өткізілетін объектінің алдында тұруға, отыруға, көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға, пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандарды, ұран сөздерді (өз дауысының мүмкіндігімен) айтуға жол беріледі.

Қолданыстағы