Об утверждении регламента государственной услуги «Аккредитация организаций по управлению проектами в области архитектуры, градостроительства и строительства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги «Аккредитация организаций по управлению проектами в области архитектуры, градостроительства и строительства»
- Атауы (қаз.)
- «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 11-964
- Қабылданған күні
- 13.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 23.09.2020 103501_484461.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16ABW01027
- ЭКБ идентификаторы
- 103501
- Редакция идентификаторы
- 103501_484461
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:11
0 «Сәулет, қала құрылысы
және құрылыс саласындағы
жобаларды басқару жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2
2. «Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны, әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сандай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындалған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Астана қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 13 мамырдағы
№ 11-964 қаулысымен
бекітілген
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндеттін атқарушының 2016 жылғы 12 ақпандағы №74 бұйрығымен бекітілген «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 13213 болып тіркелді) сәйкес Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік беру (бұдан әрі – куәлік) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы.
4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін негіз:
1 1) Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін негіз стандарттың 9 тармағына сәйкес қызметті алушының өтініші мен құжаттары болып табылады.
5 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1 1) Бірінші рәсім – қызметті алушыдан тікелей қызметті берушінің кеңсесі арқылы келіп түскен мемлекеттік қызметті алу үшін сұранысын (бұдан әрі – өтініш) тіркеуі қызметті берушінің уәкілетті қызметкерімен – 20 (жиырма) минут ішінде;
2 2) Екінші рәсім - қызметті берушінің басшысымен уәкілетті қызметкерді (бұдан әрі – жауапты орындаушы) тағайындау – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
3
3) Үшінші рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар негізінде, әрбір көрсетілетін қызметті алушыға қатысты, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 733 бұйрығымен бекітілген Сәулет, қала құрылыс және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалардың (бұдан әрі – қағида) талаптарына сәйкестігіне қорытынды дайындау және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдау – 8 (сегіз) жұмыс күн ішінде;
4 4) Төртінші рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерінің көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығына аккредиттеу немесе қағидаға сәйкес аккредиттеуден дәлелді бас тарту туралы шешімге материалдарды дайындау – 1 (бір) жұмыс күн ішінде;
5 5) Бесінші рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығына материалдардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қарауы – 1 (бір) жұмыс күн ішінде;
6 6) Алтыншы рәсім – көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығымен аккредиттеу немесе аккредиттеуден дәлелді бас тарту туралы шешімді бекітуі – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
7 7) Жетінші рәсім – көрсетілетін қызметті беруші басшысының аккредиттеу немесе аккредиттеуден дәлелді бас тарту шешімі туралы хабарламаға қол қоюы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
8 8) Сегізінші рәсім – өтініш берушіні, тиісті куәлікті қоса бере отырып, аккредиттеу туралы шешімі туралы жазбаша хабардар ету – 1 (үш) жұмыс күн ішінде.
6 6. Келесі рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (әрекетінің) нәтижелері:
1 1) Бірінші рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі қызметті алушының тіркелген өтініші;
2 2) Екінші рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі уәкілетті қызметкерді (жауапты орындаушыны) тағайындау;
3 3) Үшінші рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі ұсынған құжаттарға сәйкес Қағидаға сәйкес біліктілік талаптарға қызметті алушының сәйкестігі туралы қорытынды;
4 4) Төртінші рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті беруші басшысының аккредиттеу немесе аккредиттеуден дәлелді бас тарту туралы бұйрығына материалдар дайындау;
5 5) Бесінші рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығына материалдардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қарау;
6 6) Алтыншы рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының аккредиттеу немесе аккредиттеуден дәлелді бас тарту шешімі туралы бұйрық;
7 7) Жетінші рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының аккредиттеу немесе аккредиттеуден дәлелді бас тарту шешімі туралы хабарламаға қол қоюы;
8 8) Сегізінші рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыны, тиісті куәлікті қоса бере отырып, аккредиттеу туралы өз шешім туралы жазбаша хабардар ету.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау тізбесі:
8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері – көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттары қарауға жауапты;
9 9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігін сипаттау осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес блок-сызбада келтірілген.
4 4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау:
10 10. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызметті көрсету «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қарастырылмаған.
Мемлекеттік қызметті көрсеті барысында көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы функционалдық өзара іс-қимылы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-үдерісін анықтамалығында келтірілген.
0-1 Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (әрекеттер) реттілігін сипаттау блок-сызбасы
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды акредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы
рәсімдер (әрекеттер) реттілігін сипаттау блок-сызбасы
0-2 Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы жобаларды басқару жөніндегі
ұйымдарды акредиттеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Шарттық белгілер: