О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Жезказган
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Жезказган
- Атауы (қаз.)
- Жезқазған қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 15/05
- Қабылданған күні
- 01.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 01.06.2016 103527_91480.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16KB01505A
- ЭКБ идентификаторы
- 103527
- Редакция идентификаторы
- 103527_91480
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:56
0 Жезқазған қаласы әкімдігінің
кейбір қаулыларының күші
жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жезқазған қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары З.Д.Ақылбековаға жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
4 Жезқазған қаласы әкімдігінің
2016 жылғы «01» маусымдағы
№ 15/05 қаулысына қосымша
Жезқазған қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір
қаулыларының тізбесі
1. «Жезқазған қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Жезқазған қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 16 наурыздағы №08/05 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-2-80 болып тіркелген, 2009 жылғы 22 сәуірде №44 (7537) «Сарыарқа», №28 (102) «Жезказганская правда» газеттерінде жарияланған) қаулысы.
2. «Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» Жезқазған қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 09 шілдедегі № 17/14 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-2-93 болып тіркелген, 2009 жылғы 12 тамызда №86 (7579) «Сарыарқа», №58 (132) «Жезказганская правда» газеттерінде жарияланған) қаулысы.
3. «Жезқазған қаласында жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Жезқазған қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 22/05 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1984 болып тіркелген, 2012 жылғы 14 желтоқсанда №51 (347) «Жезказганская правда» газетінде жарияланған) қаулысы.