Құжат мәтініне өту

О введении временного государственного ценового регулирования на реализацию сжиженного нефтяного газа

Бұйрық · № 272 · қабылданған 20.06.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-103533/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О введении временного государственного ценового регулирования на реализацию сжиженного нефтяного газа Қолданыста Бұйрық ·№ 272 ·20.06.2016
20.06.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О введении временного государственного ценового регулирования на реализацию сжиженного нефтяного газа

Қолданыста Бұйрық ·№ 272 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О введении временного государственного ценового регулирования на реализацию сжиженного нефтяного газа
Атауы (қаз.)
Сұйытылған мұнай газын өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
272
Қабылданған күні
20.06.2016
Көрсетілген редакция
20.06.2016 103533_94705.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013810
ЭКБ идентификаторы
103533
Редакция идентификаторы
103533_94705
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:42

0 Сұйытылған мұнай газын өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 116-бабы 3-тармағының 9) тармақшасына және 119-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 262 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13792 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 маусымда жарияланған) Жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 2, 10 және
13-тармақтарына сәйкес БҰЙРАМЫН:

1 1. Мыналарға:

1 1) Маңғыстау облысының автогаз құю және (немесе) автожанармай құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге;

2 2) «Қазақ газ өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – Серіктестік) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілсін.

2 2. Мыналарға:

1 1) Маңғыстау облысының автогаз құю және (немесе) автожанармай құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге:

Бейнеу ауданында – 1 литрге 45 теңге ( қосымша құн салығымен (бұдан әрі – ҚҚС) мөлшерінде;
өзге аудандарда, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында – 1 литрге 35 теңге (ҚҚС - мен) мөлшерінде шекті баға;

2 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілген күнінен бастап Серіктестіктің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Маңғыстау

облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі – Комитеттің Департаменті) Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуге шекті бағаны белгілеу үшін құжаттарды ұсынуына 5 күндік мерзім;

3 3) осы бұйрық қолданысқа енгізілген күнінен бастап күнтізбелік екі күн өткен соң Маңғыстау облысының автогаз құю және (немесе) автожанармай құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге;

шекті бағаны белгілеу туралы шешім қабылданған күннен бастап Серіктестік Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай көтерме саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеудің 180 күндік қолданыс мерзімі белгіленсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықтың көшірмесін оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында ресми жариялауға тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Комитеттің департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Серіктестіктің Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуіне шекті бағаны белгілеуді;

2 2) Серіктестіктің Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуіне шекті бағаны белгілеу туралы шешімді мерзімді баспа басылымдарында жариялау үшін электрондық жеткізгіште елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;

3 3) Комитеттің интернет-ресурсында Серіктестіктің Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуіне шекті бағаны белгілеу туралы шешімді орналастыруды және оны Серіктестіктің назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_______________ Қ. Бозымбаев
2016 жылғы «___» _____________

Қолданыстағы