Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в некоторые постановления акимата Атырауской области

Қаулы · № 96 · қабылданған 11.05.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-103568/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменения в некоторые постановления акимата Атырауской области Күшін жойған Қаулы ·№ 96 ·11.05.2016
29.06.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в некоторые постановления акимата Атырауской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 96 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в некоторые постановления акимата Атырауской области
Атауы (қаз.)
Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
96
Қабылданған күні
11.05.2016
Көрсетілген редакция
29.06.2023 103568_639945.kaz
Соңғы өзгеріс
29.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16T0003537
ЭКБ идентификаторы
103568
Редакция идентификаторы
103568_639945
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:14

0 Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгеріс енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 - бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27,37- баптарына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгеріс енгізілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Нақпаевқа жүктелсін.

3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий
бассейндік инспекциясы» республикалық
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы Г.Азидуллин
11.05.2016 жылғы
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Энергетика
министрлігі мұнай-газ кешеніндегі экологиялық
реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция
комитетінің Атырау облысы бойынша
Экология департаменті» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы Е. Қуанов
11.05.2016 жылғы
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрлігі Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаменті» республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы Ө. Зинуллин
11.05.2016 жылғы

4 Атырау облысы әкімдігінің

2016 жылғы «11» мамырдағы
№ 96 қаулысына
қосымша
Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына
енгізілетін өзгеріс

1. «Атырау облысы шегінде Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасын белгілеу туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы №66 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2564 болып тіркелген, 2010 жылы 6 мамырда «Атырау» газетінде жарияланған) қаулысында:
кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 7,39,125,126 – баптарына, 116-бабының 2 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27- бабына және «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы №19-1/446 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11838 болып тіркелген) бекітілген су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидасына сәйкес, жерүсті суларының ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмау, оларды санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сай жағдайда ұстау мақсатында Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

2. «Каспий теңізінің Атырау бөлігінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі №99 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2612 болып тіркелген, 2012 жылы 5 маусымда «Атырау» газетінде жарияланған) қаулысында:
кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 7,39,125,126 – баптарына, 116-бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27- бабына және «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы №19-1/446 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11838 болып тіркелген) бекітілген су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидасына сәйкес, жерүсті суларының ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмау, оларды санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сай жағдайда ұстау мақсатында Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

3. «Атырау облысы шегінде Жем, Сағыз, Ойыл өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 26 сәуірдегі №153 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2735 болып тіркелген, 2013 жылы 20 маусымда «Атырау» газетінде жарияланған) қаулысында:
кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 7,39,125,126 – баптарына, 116-бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27- бабына және «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы №19-1/446 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11838 болып тіркелген) бекітілген су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидасына сәйкес, жерүсті суларының ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмау, оларды санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сай жағдайда ұстау мақсатында Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

Қолданыстағы