О признании утратившими силу некоторых приказов Министра внутренних дел Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых приказов Министра внутренних дел Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 507
- Қабылданған күні
- 16.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 16.05.2016 103589_96778.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16C0000507
- ЭКБ идентификаторы
- 103589
- Редакция идентификаторы
- 103589_96778
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:09
0 Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
кейбір бұйрықтарының
күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің мынадай:
1 1) «Күзетiлетiн объектiлерден, азаматтардың пәтерлерiнен және меншiктiң барлық нысандарындағы өзге де объектiлерден Жедел басқару орталықтарына, Астана, Алматы қалаларының және облыстар iшкi iстер департаменттерiнiң кезекшi бөлiмдерiне келiп түсетiн дабыл белгiлерiне
қоғамдық тәртiптi сақтауға жұмылдырылған полиция кешендi күштерiнiң ден қоюын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 280 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2288 болып тіркелген);
2
2) «Күзетiлетiн объектiлерден және азаматтардың пәтерлерiнен, оның iшiнде күзет қызметiнiң мемлекеттік емес күзет субъектiлерi күзететiн объектiлерден Жедел басқару орталығына, Астана, Алматы қалаларының және облыстардағы iшкi iстер бас басқармаларымен Iшкi iстер басқармаларының кезекшi бөлiмдерiне келiп түсетiн дабыл белгiлерiне қоғамдық тәртiптi сақтауға жұмылдырылған полиция кешендi күштерiнiң ден қоюын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2003 жылғы 17 мамырдағы № 280 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 13 қыркүйектегі № 541 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3871 болып тіркелді және «Заң газет» газетінің 2005 жылғы 27 желтоқсандағы № 178 (802) санында, «Ресми газет» газетінің 2006 жылғы 1 қаңтардағы № 1 (262) санында жарияланды) күші жойылды деп танылсын.