О лицензировании деятельности пунктов общественного питания, хранения и оптовой реализации алкогольной продукции (кроме пива)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О лицензировании деятельности пунктов общественного питания, хранения и оптовой реализации алкогольной продукции (кроме пива)
- Атауы (қаз.)
- Қоғамдық тамақтандыру пунктерінің қызметтерін және алкогольдік өнімдерді сақтау олармен көтерме сауданы лицензиялау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 226
- Қабылданған күні
- 11.11.1997
- Көрсетілген редакция
- 11.11.1997 1036_250448.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.11.1997
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V97S000020_
- ЭКБ идентификаторы
- 1036
- Редакция идентификаторы
- 1036_250448
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:54
0 Қоғамдық тамақтандыру пунктерінің қызметтерін және алкогольдық өнімдерді сақтау олармен көтерме сауданы лицензиялау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 04.12.2000 № 228 шешімімен
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы "Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 2720 Жарлығын, 1997 жылғы 7 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Лицензиялау туралы" Жарлықтарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсадағы "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 "Қаулысын жүзеге асыру туралы" № 1894 Қаулысын, 1997 жылғы 31 шілдедегі "Этил спиртін өндіру және алкогольді өнімдерді /сырадан басқа/ сақтау және этил спиртін сату, сондай-ақ алкогольді өнімдерді /сырадан басқа/ сақтау және олармен көтерме сауданы лицензиялаудың шарттары мен тәртібі жөніндегі № 1195 "Қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі Жарлықтарды орындау үшін облыс әкімі ШЕШМ ШЫҒАРДЫ:
1. Алып тасталды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 24.01.1998 № 16 шешімімен
2. Этил спиртін және алкогольді өнімдерді өндіру, сақтау және лицензиялау шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 31 шілдедегі Қаулысымен, Өнеркәсіп және сауда министрлігінің 19.07.1996 жылғы № 131-п бұйрығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09.01.1997 жылғы № 25 Қаулысына сәйкес "Қоғамдық тамақтану пунктерінің қызметтерін лицензиялау шарттары мен тәртібі туралы" Ереже бекітілгендігі еске және басшылыққа алынсын /Қосымша №2,3/.
📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 18.04.1998 № 98 шешімімен
3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 16.08.1995 ж. 1126 қаулысымен "Қазақстан Республикасының салық қызметі органдарының кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға патенттер беру тәртібі туралы және патенттер негізінде кәсіпкерлік қызметпен айналысуға болатын қызметтердің нұсқаулық Тізбесі туралы Ереже бекітілгендігі еске алынсын және башсылықа алынсын.
4. Қоғамдық тамақтану, алкогольді өнімдерді сақтау және көтере сату /сырадан басқа/ пунктерінің қызметтеріне лицензиялар беру жөніндегі лицензиант қызметі өнеркәсіп, көлік және коммуникация, сауда және тұрмыстық қызметтердің облыс әкімі жанындағы департаментке тапсырылсын.
📌 Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 24.01.1998 № 16 шешімімен.