Об утверждении Перечня сырья и (или) материалов, импорт которых освобождается от налога на добавленную стоимость в рамках инвестиционного контракта
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня сырья и (или) материалов, импорт которых освобождается от налога на добавленную стоимость в рамках инвестиционного контракта
- Атауы (қаз.)
- Импорты инвестициялық келісімшарт шеңберінде қосылған құн салығынан босатылатын шикізаттың және (немесе) материалдардың тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 408
- Қабылданған күні
- 28.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 27.02.2018 103634_312422.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013813
- ЭКБ идентификаторы
- 103634
- Редакция идентификаторы
- 103634_312422
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:22
0 Импорты инвестициялық
келісімшарт шеңберінде
қосылған құн салығынан
босатылатын шикізаттың және
(немесе) материалдардың
тізбесін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 255-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және 276-15-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Импорты инвестициялық келісімшарт шеңберінде қосылған құн салығынан босатылатын шикізаттың және (немесе) материалдардың тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1, 2, және 3-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________________Б. Сұлтанов
2016 жылғы 13 мамыр
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________________Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 19 мамыр
0 Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы 28 сәуірдегі
№ 408 бұйрығымен
бекітілген
Импорты инвестициялық келісімшарт шеңберінде қосылған құн салығынан босатылатын шикізаттың және (немесе) материалдардың
тізбесі
№
Атауы
ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары*
1
Тамаққа пайдалануға арналған өнімдер өндірісінен басқа, зығыр майлары және оның техникалық немесе өнеркәсіптік қолдануға арналған өзге де фракциялары
1515191000
2
Хлорит
2530100000
3
Кизерит, эпсомит (табиғи магний сульфаттары)
2530200000
4
Тақта тасты битумдар
2713909000
5
Асыл (инертті) газдар (аргоннан басқа)
280429
6
Бейорганикалық қышқылдар, фторсутекті (плавикті) қышқылдан басқа
281119
7
Бор оксидтері; бор қышқылдары
281000
8
Механикалық қоспалардан басқа, жасанды корунд
281810
9
Иодидтер және иодоксидтер
2827600000
10
Бромидтер
2827510000
11
Бромоксидтер
2827590000
12
Фторидтер; фторсиликаттар, фторалюминаттар және фтордың өзге де кешенді тұздары
2826
13
Өзге де жай эпоксидтер, эпоксиспирттер, эпоксифенолдар, эпоксиэфирлер және олардың галогенделген, сульфитталған, нитрленген немесе нитрозаланған туындылары
2910
14
Оттекті функционалдық топты қамтитын аминқосылыстары, лизин және глютамин қышқылынан басқа
2922
15
Үшэтаноламин және оның тұздары
2922139000
16
Жасанды графит; (коллоидты немесе жартылай коллоидты графит; графит негізіндегі өнімдер)
3801100000
17
Микроағзаларды өсіруге арналған өсінді орталар
3821000000
18
Бастапқы пішіндегі өзге де аминді-альдегидті шойырлар
3909300000
19
Құрылыста немесе өнеркәсіпте пайдаланылатын көлік құралдарына және машиналарға арналған және отырғызатын диаметрі 61 сантиметрден асатын, «шырша» проектор суреті немесе проектордың ұқсас суреттері бар өзге шиналар
4011630000
20
Ауыл шаруашылығы немесе орман шауашылығы көлік құралдарына және машиналарға арналған «шырша» проектор суреті бар немесе проектордың ұқсас суреттерімен өзге шиналар
4011920000
21
Құрылыста немесе өнеркәсіпте пайдаланылатын көлік құралдарына және машиналарға арналған және отырғызатын диаметрі 61 сантиметрден аспайтын «шырша» проектор суреті бар немесе проектордың ұқсас суреттерімен өзге шиналар
4011930000
22
Қаптық, бекітпе немесе кеңірдектелген, бедерленген немесе бедерленбеген, тесілген немесе тесілмеген крафт-қағаз, орамдарда немесе парақтарда
480840000
23
1 шаршы метр салмағы 150 граммнан аспайтын өзге де борланбаған қатырма қағаз
4805910000
24
Жабынды қатырма қағазға арналған қағаз және қатырма қағаз-негіз
4805500000
25
Бекітпе, кеңірдектелген немесе бедерленген крафт-қағаз (қаптан басқа)
4808400009
26
Қапталған, сіңдірілген немесе полимерлі материалдармен ламинатталған (желімдерді қоспағанда) ақталған қағаз және қатырма қағаз, 1 шаршы метр салмағы 150 граммнан артық қағаз және қатырма қағаз, орамдарда немесе парақтарда
481151000
27
Бөлшек сауда үшін бөлек оралмаған, тарақпен түтілмеген талшықтардан жасалған мақта-маталы иірімжіптер
5205
28
Үстіңгі бетінің тығыздығы 200 грамм/шаршы метр артық, түрлі-түсті иірімжіптерден жасалған (деним маталарынан басқа), техникалық және өнеркәсіптік пайдалануға арналған мақта-маталы маталар
5209490000
29
Өңделген, бірақ иірілмеген джут және өзге де тоқыма талшықтары, зығыр, кәдімгі кендір және рамиден басқа
5303900000
30
Джут немесе өзге де қабықты тоқыма талшықтарынан жасалған иірімжіптер, өзге де өсімдік тоқыма талшықтарынан жасалған иірімжіптер және қағаз иірімжіптер
5307200000
31
Бөлшек сауда үшін оралмаған, полиэфирлерден жасалған өте мықты филаментті жіптер
5402200009
32
Арамидтерден жасалған синтетикалық жіптер жгуты
5501100001
33
Кардомен, тарақпен түтілмеген немесе иіруге басқаша дайындалмаған синтетикалық талшықтар, өзгелері
5503900000
34
Бөлшек сауда үшін бөлек оралмаған, жасанды талшықтардан жасалған иірімжіптер (тігін жіптерінен басқа)
5510
35
Тежеуіштерге, муфталарға және ұқсас бұйымдарға арналған құрастырылмаған күйдегі фрикциялық материалдар
6813
36
Шыны талшығынан жасалған таспалар, түзеткіш, иірімжіптер және шабылған тұлымдар
701919
37
Масса немесе қауыз түрінде, тоқыма емес талшықтардан жасалған бұйымдар
7019390001
38
Шыны талшықтарынан жасалған маталар (енсіз маталарды қоса)
7019590000
39
Шыны талшығынан жасалған құбырларды оқшаулауға арналған аратөсемдер мен орамдар
7019903000
40
Шартәрізді графиттың қосындылары бар құймаларға арналмаған, құрамында Mn (марганец) 0,1% кем, фосфоры аз легірленбеген құйма шойын
7201109000
41
Феррованадий
7202920000
42
Феррониобий
7202930000
43
Ені 600 миллиметрден кем алюминий мырышталған илек
721250
44
Ені 600 миллиметрден асатын алюминий мырышталған илек
721061
45
Легірленбеген болаттан жасалған ені 600 миллиметрден кем ыстықтай илектеліп одан әрі өңделмеген жазық илек
7211190000
46
Құрамында салмағы бойынша көміртегі 0,6% артық легірленбеген болаттан жасалған, суық күйінде әрленіп өңдеуге ұшыраған сортты және жолақты илек
721123
47
Құрамында салмағы бойынша көміртегі 0,25% кем легірленбеген болаттан жасалған, суық күйінде әрленіп өңдеуге ұшыраған жолақты илек
7210
48
Құрамында салмағы бойынша көміртегі 0,6% кем емес легірленбеген болаттан жасалған, қалайыланған сым
7217309000
49
Тоттанбайтын болаттан жасалған ені 600 миллиметрден кем емес суықтай илектеліп одан әрі өңделмеген жазық илек
7219
50
Тоттанбайтын болаттан жасалған, суықтай илектелген, ені 600 миллиметрден кем, жабылмаған жазық илек
7220908009
51
Тоттанбайтын болаттан жасалған, орамада бос оралған ыстықтай илектелген өзектер мен шыбықтар
722100
52
Кремнийлі электр болаттан жасалған ені 600 миллиметрден кем емес жазық илек
722519
53
Өзге де легірленген болаттан жасалған ені 600 миллиметрден кем емес ыстықтай илектеліп одан әрі өңделмеген жазық илек
722550
54
Кремнийлі электр болаттан жасалған ені 600 миллиметрден кем жазық илек
722619
55
Өзге де легірленген болаттан жасалған, штампталған, ыстықтай илектелген, ыстықтай созылған, ыстықтай сығымдалған, бірақ одан әрі өңделмеген (илектен соң ширатылғанды қоса), басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де өзектер мен шыбықтар
722810
56
Бұрғылау жұмыстарына арналған іші қуыс өзектер
7228800000
57
Болаттан жасалған дәнекерлеу профильдері және шпунтты конструкциялар
7301100000
58
Ауыр профильдер (ыстықтай илектелген швеллерлер, қоставрлар және биіктігі 80 миллиметрден кем емес кең сөрелі қоставрлар)
7216
59
Көміртекті болаттан жасалған қимасы дөңгелек суықтай созылған немесе суықтай илектелген құбырлар
730451
60
Легірленген болаттан жасалған, қимасы дөңгелек, суықтай созылған немесе суықтай илектелген, суық күйінде илектелген құбырлар
730451
61
Коррозияға төзімді жұқа қабырғалы жіксіз құбырлар
7304
62
Дәнекерленген, сыртқы диаметрі 406,4 миллиметрден артық, газ құбырларына арналған болат құбырлар
7305
63
Сыртқы диаметрі 406,4 миллиметрден аспайтын, мұнай немесе газ ұңғымаларын бұрғылау барысында қолданылатын болаттан жасалған дәнекерлейтін, дөңгелектеп кесетін сорғылы-сығымдауыш және қондыру құбырлары
7306
64
Ашық жікті немесе тойтарылған немесе осыған ұқсас тәсілмен біріктірілген, сыртқы диаметрі 406,4 миллиметрден аспайтын өзге де болат құбырлар мен түтіктер
7306
65
Құю құбырлары және құбырлар фитингтері
730711
66
Шыңдалған құйма шойыннан жасалған құбырлар және құбырлар фитингтері
730719
67
Алюминийден жасалған балкондардың, лоджиялардың марштардың және саты алаңдарының қоршаулары
761090
68
Қара металдардан жасалған, буындары дәнекерленген шынжырлар, кергішті жалпақ буынды шынжырлардан басқа
7315
69
Көлденең қимасының өлшемі 16 миллиметрден артық, қара металдардан жасалған, буындары дәнекерленген шынжырлар, кергішті жалпақ буынды шынжырлардан басқа
7315829000
70
Тоттанбайтын болаттан жасалған оймакілтекті және крест тәрізді оймакілтекті бұрамалар
7318155900
71
Тоттанбайтын болаттан жасалған алтықырлы басы бар бұрамалар
7318156900
72
Қара металдардан жасалған тойтармалар, жартылай қуыстыны қоса, жалпы пайдаланудағы түтікшелі немесе қосарланған тойтармалардан басқа
731823
73
Суық әдіспен өңделген, болаттан жасалған бұралу серіппелерін және бұралған серіппелерді қоса, болат шиыршықты серіппелер, қысумен және созумен жұмыс істейтін шиыршықты серіппелерден басқа
7320190
74
Болат сымнан жасалған имелі серіппелер
7320909008
75
Басқа топтамаларға енгізілмеген, мыстан жасалған бұйымдар
7419
76
Цементтелген мыс, ұнтақтардан басқа
7401000000
77
Мыс пен никель және мырыш (нейзильбера) негізіндегі мыс қорытпаларынан жасалған шыбықтар, өзектер және профильдер
7407211000
78
Мыс пен никель (купроникель) негізіндегі мыс қорытпаларынан жасалған шыбықтар, өзектер және профильдер
7407290000
79
Тазартылған мыстан жасалған, көлденең қимасының ең жоғарғы өлшемі 0,5 миллиметрден аспайтын сым, сыммен күшейтілген арқансым немесе арқаннан, көпжелілі сым мен кабельден басқа
7408199000
80
Негізі мыс қорытпаларынан жасалған, негізін есептемегенде, қалыңдығы 0,15 миллиметрден аспайтын жұқалтыр
7410220000
81
Мыс пен никель (купроникель) немесе мыс, никель мен мырыш (нейзильбер) негізіндегі қорытпалардан жасалған құбырлар мен түтіктер
7411220000
82
Басқа топтамаларға енгізілмеген, мыстан жасалған бұйымдар
7419999000
83
Құбырлар мен түтіктерге арналған мыс фитингтер (муфталар, иіндер, фланецтер, штуцерлер)
7412
84
Өңделмеген никель
7502
85
Никель ұнтақтары мен қабыршақтары, никель оксидтері агломераттарынан басқа
7504000009
86
Никель мен никель қорытпаларынан жасалған шыбықтар, өзектер мен профильдер
7505120009
87
Никель мен никель қорытпаларынан жасалған сымдар
7505220000
88
Никель қорытпаларынан жасалған тақталар, табақтар, жолақтар, лента, жұқалтыр, кесіліп-тартылған табақтан басқа
7506200009
89
Никельден жасалған құбырлар мен түтіктер
750711000
90
Легірленбеген алюминийден жасалған, қалыңдығы 0,2 миллиметрден артық, боялған, лакталған немесе пластикпен жабылған тақталар, табақтар, жолақтар мен ленталар
7606111000
91
Легірленбеген алюминийден жасалған, қалыңдығы 0,2 миллиметрден артық тақталар, табақтар, жолақтар мен ленталар
760611
92
Алюминий қорытпаларынан жасалған, қалыңдығы 0,2 миллиметрден артық тақталар, табақтар, жолақтар мен ленталар
760612
93
Қалыңдығы 0,2 миллиметрден аспайтын (негізді есептемегенде) одан әрі өңделмеген алюминий фольгасы
7607
94
Қалыңдығы 0,2 миллиметрден аспайтын (негізді есептемегенде) алюминий фольгасы
7607
95
Құбырлар мен түтіктерге арналған алюминий фитингтер (муфталар, иіндер, фланецтер)
7609000000
96
Өзге де өңделмеген қорғасын
7801999000
97
Бояулар мен бояғыштар, оқшауланған электр сымдары ретінде қолдануға арналған ұнтақтар мен қабыршақтардан басқа, қорғасын ұнтақтары мен қабыршақтары
7804200000
98
Қорғасыннан жасалған тақталар, табақтар, жолақтар, ленталар мен жұқалтыр
7804190000
99
Мырыш қорытпалары
7901200000
100
Мырыш ұнтақтары мен қабыршақтары
7903900000
101
Мырыш тақталар, табақтар, жолақтар, ленталар, жұқалтыр
7905000000
102
Қалайы шыбықтар, өзектер, профильдер мен сымдар
8003000000
103
Бағалы емес металдардан жасалған аспалы құлыптардың және өзге де құлыптардың бөліктері
8301600009
104
Ілгектер, сақиналар, шығыршықтар
8308100000
105
9405 тауарлық позициядағы бұйымдардан басқа, бағалы емес металдардан жасалған көрсеткіштері, атаулары, нөмірлері, әріптері, мекенжайы бар маңдайшалар және ұқсас маңдайшалар
8310000000
106
Қуаттылығы 100 киловаттан аспайтын қысыммен тұтанатын кемелік тартымды піспекті іштен жанатын қозғалтқыштар
8408103900
107
Іштен жанатын дизельді автомобильдік қозғалтқыштарға арналған бүрку жүйелері
8409
108
Турбореактивті және турбовинттік қозғалтқыштардың бөліктері
8411910008
109
Күш беретін гидравликалық сызықтық әсер ету қозғалтқыштары мен қондырғылары (цилиндрлер)
841221
110
Гидравликалық айналмалы қозғалтқыштар
841221
111
Өзге де көлемді роторлы сорғылар; гидравликалық күшті
841360
112
Қуаттылығы 0,4 киловаттан аспайтын тоңазытқыш жабдықтарына арналған сығымдағыштар
8414302009
113
Орталықтан тепкіш көлемді көп білікті сығымдағыштар
841480
114
Метал өңдеуге арналған арнайы мақсаттағы механикалық машиналар мен құралдар
8479810000
115
Құйма шойыннан жасалған өтпелі шұралар
8481
116
Қуаттылығы 375 киловаттан артық тұрақты токтың электр қозғалтқыштары мен генераторлары
8501200009
117
Басқа топтамаларға енгізілмеген, қуаттылығы 1 киловольт-амперден аспайтын өзге де трансформаторлар
8504312909
118
Өзге де электр аккумуляторлар
8507108009
119
Электр шамдар және өзге жарық беретін құрылғылар
8539100009
120
Мотоциклдерге немесе автокөлік құралдарына арналған шынытазалағыштар, мұз тұруға және булануға қарсы жабдықтар
851240
121
Мотоциклдерге немесе автокөлік құралдарына (велосипедтерден басқа) арналған дыбыстық сигнал беретін құрылғылар
851230100
122
Композициялық немесе пленкалы тұрақты көміртекті резисторлар
8533100000
123
Басқа топтамаларға енгізілмеген айнымалы резисторлар (реостаттар мен потенциометрлерді қоса алғанда)
853340
124
Айнымалы сымдық резисторлар
853339
125
72,5 киловольттан жоғары кернеуге автомат сөндіргіштер
8535290000
126
1000 Вольттан жоғары кернеуге балқығыш сақтандырғыштар
8535100000
127
1000 Вольттан аспайтын кернеуге өзге де автоматты сөндіргіштер
853620
128
Айырып-қосқыштар, өзгелері
853650
129
Шамдарға арналған өзге патрондар, штепсельдер, розеткалар
853669
130
Қуаты 100 Вольттан аспайтын өзге де қыздыру шамдары
8539299800
131
Көмір электродтары (электр пештеріне арналған электродтардан басқа)
8545909000
132
Электр оқшаулатқыштар
8546200000
133
Жүретін доңғалақтар және олардың бөліктері мен керек-жарақтары
8708709909
134
Тежегіштік өзге де жапсырмалар
8708309909
135
Кез келген материалдан жасалған призмалар, айналар және өзге де оптикалық элементтер
9001900000
136
Жазу құрылғысы жоқ электр шамаларды өлшеуге арналған аспаптар мен аппаратура
903033
137
Аспаптар, құралдар және машиналар өзгелер; электрондылар
9031803200
138
Автомобильдерге арналған орындықтар
940120000
* Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразяилық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы.